400 Термин сөздерге түсінік Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тас-
тар жəне т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық про-
цесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының
түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық– ыза суы терең орналасқан
жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап
қалған су мөлшері.
Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе
тары тəріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нəтежиесінде пайда бо-
лады. Табиғи жəне жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық
құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын жəне тұрған орны жер
учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойын-
ша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен
бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде
кездесетін топырақтар.
Ирригациялық эрозия – адамдардың суды дұрыс пайдаланбау-
ынан болатын эрозия. Кадастр – есеп, салық үшін жер бағасын есептеу
Қалыпсыз топырақтар – өзен мен көлдер аллювилері, жел
үйінділері.
Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.
Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді
қабат түзіп, соның нəтижесінде жауын-шашынның аздығына
қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.