43
де, яғни əлемдік деңгейде тарауда. Өйткені жыртылмаған жерлер-
де өндіргіш күштерінің нəтижесінде игерілген топырақтардың тек
ылғал тəртіптері ғана емес, сонымен қатар əртүрлі тыңайтқыштар
енгізіп, арам шөптермен күресу үшін улы химикаттар сепкендіктен,
топырақ құрамы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.
Осы кезде өндірістің дамуымен көптеген жылу электро-станция-
ларынан əртүрлі зауыттардың биік мұржаларынан шығатын түтін
құрамдарында зиянды газ қоспалары жеткілікті. Ол газдар ауа там-
шыларымен қосылып кең алқаптарда қышқыл жаңбыр болып жа-
уып, топырақ құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар
көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының əсері де
аз емес. Əрине, бұл зерттеуді қажет ететін мəселелер.
Сонымен, жоғарыда құрғақ жерлердің барлық аймақтарының
топырақ түзілуіне əсер ететін негізгі факторлар сипатталды. Ал
кейбір жерлерде топыраққа əсер ететін жергілікті (локалды) фак-
торлар кездеседі. Мəселен, кейбір алқаптарда жерасты суының
топырақ бетіне жақын жатуы, ол жерлерде
шалғынды топырақтың
түзілуіне əкеп соғады. Өзен бойларындғы біраз алқаптар жыл
сайынғы су тасқындарының əсеріне тап болады.
Достарыңызбен бөлісу: