РЕФЕРАТ Тақырыбы: Әлеуметтік жұмыс технологияларының ерекшелігі
Орындаған: Кабдулдаева Аруна
Дүзбай Жанар
Әлденова Береке
Тексерген: Сағидолда Нағима
Алматы, 2022 Мазмұны Кіріспе
Негізгі бөлім
Әлеуметтік жұмыс технологиясының ерекшеліктері
Әлеуметтік қызметкерлердің технологияның түрлерін қолдануы
Әлеуметтік жұмыстың технологиялық құралдары
Әлеуметтік жұмыс технологияларының адам өміріне тигізетін септігі және кері әсерлері
Әлеуметтік жұмыс қызметкері мен көмекке мұқтаж жанның қарым-қатынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлеуметтік жұмыс – біздің қоғамымыздың ең әлжуас, көмекке мұқтаж, тұрмыс тіршілігі нашар, деңсаулығына психологиялық, физикалық түрде болсын зақым келген жандарға көмектесу деген ұғымды білдіре отырып, қалыптасқан.
Әлеуметтік жұмыс технологиясы дегеніміз - бұл әлеуметтік жоспарлар жасаған кездегі алдыға қарай даму процесінде мақсаттарға жету, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, адамдардың ой-санасын, мәдени құндылықтарымен қоса саяси немесе әлеуметтік құрылымдарды, жүйелер мен жағдайларды өзгерте алатын, коммуникативті әсерлерді жобалау және жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы.
Негізінен, қазіргі 21-ші ғасырдағы халықтың көзі ашық әрі көкірегі ояу. Қайда қарамасанда күн, түн демей іздеңістің үстінде жүрген, білімге құмар, ойларын сараптап, нақты жеткізе алатын өз алдына жеке бір дара тұлғаларымыз өте көп. Осыған орай, заман талабы өзгеріп, дамыған сайын адамдардың түсініктері де әрқалай қалыптасып отырады. Соған сай, еліміздегі мамандардың қай салаға көптеп көңіл бөлу керек екендігінде халықтың ішіндегі жағдайы күшті топтарды емес, ең әлжуас деген топтарын іріктей отырып, ажыратып, ара-жігін анықтап, шешім шығарып, керекті жұмыстарды жүргізе бастаймыз. Әлеуметтік жұмыс саласында оқып, жоғарғы білімге ие болған әр қызметкердің көмекке мұқтаж жанға көмектесу барысында қолданатын өзіңдік технологиялары, әдіс-тәсілдері бар. Ол технологиялардың өзіңе тән ерекшеліктері де біршама.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы көбінесе белгілі бір мәселені шешіп жатқанда диагноз, экспертиза, болжау жасау барысында іске қосылады. Сол себептен, әлеуметтік жұмыстың технологиясын тұтастай бір ұжымдық қолданбалы бөлік деп айтсақ болады. Өйткені, әлеуметтік жұмыс адаммен тығыз әрекеттеседі. Неше түрлі қиын өмірлік мәселелерді шешу барысында, жеке сезім мен эмоцияға берілмей, алдымызға келіп, көмек қолын сұрап тұрған жанның сенімін ала отырып, оң нәтиже көрсетуге тырысу керек.
Осы тақырыпты талдау барысында, біз әлеуметтік жұмыс технологиясының ерекшеліктеріне нақтылап, тоқтала өтеміз. Технологияның қолданылу барысы, даму үрдісі, сапасы, әлеуметтік қызметкерлердің технологияның түрлерін қолданулары, клиентпен орнататын қарым-қатынасы мен қолданылатын технологиялардың септігі және тигізетін кері әсерлері жайлы толық мағлұмат береміз.