Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет29/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

62
АЕ  қарашірінді элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен 
қатар, минералдардың бұзылуы жəне ыдыраған заттардың төменгі 
қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.
Е – (ескіше Аг) – элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі 
кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні 
астына шашылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар аза-
йып кремний негізді заттар көбейеді.
В – иллювиальды немесе аралық қабатта жоғарғы қабаттан 
шайылған заттар, кей жағдайда жерасты сулары арқылы келген зат-
тар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты 
иллювиальды қабат əртүрлі қосындылармен, мысалы: қарашіріндімен 
(Вһ), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Вте) батырылуы 
мүмкін. Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса, онда 
В қабатын аралық қабат, яғни қаршірінді қабаттан аналық тау жынысы 
қабатына алмасу қабаты деп атайды. С – аналық тау жынысы, топырақ 
түзілу процесінің əсері тимеген немесе оның сəл əсері болған тау жы-
нысы қабаты. Топырақты қабаттарға бөлгенде олардың бір қабаттан 
екінші қабатқа алмасуы сипатына көңіл аударады. С. А. Захаровтың 
анықтауынша үш құрылым типі бар:
1) куб тəріздес  құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр 
үш ось бойы бірқалыпты қалыптасқан;
2) призма тəріздес – бөлшектердің даму балы, негізінен тік ось 
бойы қалыптасқан; 
3) тақта тəріздес – бөлшектер негізінен көлденең жазықтық екі 
ось бөлшекпен қалыптасқан. Топырақтың құрылымының түрлерге 
жіктелінуі 1-кестеде келтірілген. Топырақтың құрылымының типіне 
жəне одан қабаттыға байланысты өзгереді. Мысалы, қара топырақтың 
үстіңгі қарашірінді жиналған қабатында дəнді түйіршікті құрылым, 
ал кейбір топырақтың иллювиальді қабатында бағаналы немесе 
приз малы құрылым кездеседі.
Топырақтың жайласуы оның тығыздығы мен кеуекшілігінің 
сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, 
топырақ фауна əрекетіне жəне өсімдіктердің тамыр жүйесінің да-
муына байланысты қалыптасады. Тығыздылық дəрежесіне қарай 
топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы бо-
лып жіктеледі. Өте тығыз топырақты күрекпен қазу қиынға түседі, 
сондықтан қайла қолдану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет