Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет28/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

60
2-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ƏСЕРІ
2.1. Топырақтың морфологиясы
Топырақтың морфологиясы деп оның сыртқы белгілерінің 
жиынтығын атайды.
Табиғи жағдайларға байланысты топырақ жаратылу процестері 
əртүрлі жылдамдықпен жүреді де, оның сыртқы белгілерінің жетілуі 
де əртүрлі келеді.
Топырақтың сыртқы белгілерін зерттеу далалық жəне зертханалық 
əдістермен жүргізіледі. Топырақтың органо-минералдық құрамы 
оның сыртқы белгілерін құрайды. Мысалы, топырақ гумусының 
(қарашірігінің) мөлшеріне жəне құрамына қарай топырақ түсі мойыл 
қара түстен (егер қара шірінді 6%-дан асса жəне гумин қышқылымен 
гумин көп болса) ақшыл сұр түске дейін (қара шірінді 1,5-2 % жəне 
фульвоқышқылдар көп болса) өзгереді. Сол сияқты топырақтың 
гранулометриялық құрамы, сіңген катиондардың арақатынасы, əртүрлі 
химиялық қосындылардың болуы топырақ морфологиясын жасай-
ды. Топырақтың құрамы, осыған орай оның физикалық, химиялық 
ерекшеліктері топырақ түзуші (аналық) жыныстың минералдық 
құрамына жəне топырақ түзілу процесінде жасалған қасиеттеріне 
байланысты болады. Сонымен, топырақ морфологиясы оның түзілу 
процесі жəне агрономиялық құндылығы жөнінде ұғым бере алады.
Далалық əдісте топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр 
қазу арқылы жасайды. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның 
құрылысын (қабатын жəне олардың қалыңдығын), бояуын (түсін), 
құрылымын, əртүрлі қосындыларды, жаңа түзінділерді анықтайды. 
Сондай-ақ, топырақтың грануметриялық құрамын, топырақ түзуші 
жыныстың сипатын, ылғалдылығын, органикалық заттың жəне 
өсімдіктер тамырларының таралуын, тұз қышқылынан (HCl) қайнау 
тереңдіктерін, ыза суларының жер бетінен қашықтығын, судың 
дəмін (тұщы, кермек, ащы, т.б.) анықтайды.
Зертханалық əдісте бұл анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай 
жəшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.


61
Топырақ түзілуі құбылыстарының əсерінен тау жынысынан пайда 
болған топырақта оған тəн құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер 
мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысы-
нан өзінің құнарлылығымен ғана емес, құрылысымен жəне сыртқы 
морфологиялық белгілермен ерекшеленеді. Осы морфологиялық 
белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ 
түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі. Басты морфологиялық белгі-
лерге топырақтың құрылысы, топырақтың жəне оның қабаттарының 
қалыңдығы, түсі, құрылымы жайласуы, механикалық құрамы, жаңа 
жарандылар мен кіріспелер жатады. Далалық жағдайда топырақтың 
морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пай-
даланылады. Бұл əдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін 
салушы В. В. Докучаев қолданды. Осы əдіс іс жүзінде топырақты 
далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді. 
Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан 
əртүрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, құрылымымен
тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде механикалық 
құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып, 
қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің жəне топырақты 
өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Топырақтың тік кескінінде 
бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, əріппен (ин-
декс) белгіленеді. Əдетте, топырақтың:
А  қарашірінді жиналған қабат;
В  иллювиальді немесе аралық қабат;
 глей;
 аналық тау жынысы;
Д  астыңғы тау жынысы;
 элювиальды қабат;
AЕ  қарашірінді элювиальды қабаты;
О  орман төсеніші;
– шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.
O (ескіше Ао немесе Ад) – органогенді қабат, орман ішінде 
түскен, құраған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін 
өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын 
топырактың ең үстіңгі қабаты.
A қарашірінді жəне қоректік заттар жиналатын топырақтың 
жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың 
бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға 
қарағанда, күңгірт келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет