8
Сонымен, А. Тэердің өсімдіктердің органикалық қоректену тео-
риясы енді өсімдіктердің минералдық қоректену теориясымен ал-
масты. Соңғы теорияның авторы неміс оқымыстысы Ю. Либих
болатын. 1840 жылы оның «Химияны егіншілік пен физиоло-
гияда пайдалану» деген енбегі жарық көрді. Осыдан кейін бұл
теорияны колдаушылар көбейіп, агромəденихимия егіншілікке
қарай бет бұрды. Көптеген ауылшаруашылығы тəжірибе станция-
ларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде
тəжірибелер өріс алып, оның əсерлері анықталды. Топырақтың
жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері
анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер
батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері),
М. Бертолло, Ж. Бусенго (француз химиктері) болды. Бұлар
топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық
жəне органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайым-
дады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді.
Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға,
бидайға, сұлыға, картопқа, т.б. жарамды деп бөлді.
Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз аг-
рономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды.
Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары
Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер
бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай кетті.
Əсіресе, қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы, профессор
Е. Раманн болды. Ол Алманияда орман топырақтануын дамыт-
ты. Алғашында
топырақты тек геологиялық дене деп келген
бұлар кейінірек топырақ құрамындағы органикалық заттарды,
топырақтың агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Со-
нымен, топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты.
Бұл бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік
Америка, Аустралия, Жаңа Зеландияда, т.б. өріс алды.
Достарыңызбен бөлісу: