Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет89/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Фульвоқышқылдары (грекше фульвос – сары) гуминдік 
қышқылдардан көміртегі аз болуына, суда, спиртте, сілтіде тез 
еритіндігіне қарай ерекшеленеді. Аз концентрацияда түсі əлсіз сары, 
күшті концентрацияда қызғылт сары. Элементарлық құрамы пайыз-
бен:
Н – 4,6 – 6,0; 0 – 42 – 48; С – 44 – 50; N – 2,5 – 5,5.
Сонымен, қарашірік топырақтың органикалық затының ең 
маңызды бөлігі екен. Онда жасырын қор – потенциалдық формада 
күн сəулесінің энергиясы жинақталған. Қарашірікте өсімдіктердің 
негізгі қоректік элементтері С, N, Ca, К, Mg, Р жəне т.б. ұзақ уақыт 
сақталады. Қарашіріктің микробиологиялық ыдырауында одан С, 
СО
2
, нитраттар, фосфаттар, сульфаттар босайды. Органикалық зат 
топырақтың физикалық, химиялық жəне биологиялық касиеттерін 
жақсартып, құнарын арттырады, ұсақ кесекті структура жасай-
ды. Топырақтың органикалық заты топырақ микроағзалардың 
интенсивті тіршілігі үшін қоректік орта болып есептеледі. Сондықтан 
топырақта қарашірік қанша көп болса, сонша микроағзалар да көп 
болады, биохимиялық, микробиологиялық процестер күшті жүреді. 
Олардың 1 г топырақтағы саны күлгін топырақта 300 миллионнан, 
қара топырақта 3 миллиардқа жетеді.
Топырақтың органикалық затының жиналуын реттеу органикалық 
тыңайтқыштарды (көңді, компостарды, жасыл тыңайтқыштарды) 
енгізу, далалық шөп себуді, химиялық мелиорацияны (қышқыл 
топырақтарды əктеуді, сортаң топырақтарды гипстеуді) жəне 
топырақты дұрыс баптауды, т.б. қолдану арқылы жүргізіледі.
Қара шіріндінің негізгі бөліктерінің ерігіштігі əртүрлі 


209
болғандықтан, оларды тиісті реактивтермен экстракциялап (лат. экс-
трарере – шығару, сығу) бөледі. Сулық жəне сілтілік сығындыларды 
кезекпен қолдана отырып, Қара шірінді төмендегі құрамдарға бөлуге 
болады.
1) суда еритін қара шірінді қосындылары (фульвоқышқылдар 
жəне олардың тұздары);
2) сілтіде еритін қара шірінді қосындылары (гуминдік қышқылдар 
жəне олардың тұздары);
Топырақ қара шіріндісін анықтаудың бірнеше түрлері бар. 
Олардың ішінде академик И. В. Тюриннің əдісі көбірек қолданылады. 
Бұл əдіс топырақта жаңа түзілген органикалық қосындылардың 
жəне ыдырап бітуге жақын өсімдік қалдықтарының жалпы мөлшерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда қара шіріндінің жалпы мөлшері 
жанама жолмен көміртегінің шамасына қарай анықталады. Əдіс 
органикалық заттың (гумустың) көміртегін 1:1 есебімен суда 
сұйытылған күкірт қышқылында дайындалған калий дихроматының 
(K
2
Cr
2
O
7
) ерітіндісімен тотықтыруға негізделген. Талдау көміртегінің 
мөлшерін анықтауға негізделгендіктен зерттеуге алынған топырақ 
үлгілері органикалық қалдықтардан өте тазарған болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет