5.11. Топырақтың қышқылдылығы мен сілтілігі
Өсімдіктердің жəне микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы
өтіп жататын əртүрлі химиялық жəне биохимиялық процестердің
жылдамдығы мен бағыттарына топырақ реакциясы үлкен əсер
етеді. Қоректік заттардың өсімдіктермен сіңірілуі, топырақ
микроорганизмдерінің əрекеті, органикалық заттардың минерал-
дануы, топырақ минералдарының ыдырауы жəне қиын еритін
қосылыстардың еруі, коллоидтардың коагуляция мен пептизация-
сы жəне басқа физикалық-химиялық процестер топырақ реакция-
сына күшті байланысты. Ол сонымен қатар топыраққа енгізілетін
тыңайтқыштардың тиімділігіне əсер етеді. Тыңайтқыштар өз
жағынан топырақ ерітіндісінің реакциясын өзгерте алады.
Табиғи жағдайда топырақ ерітіндісінің реакциясы 3-тен (сфаг-
нум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады,
көбінесе, 4-8 арасында болады.
176
12-кесте
Əртүрлі топырақтардағы рН өзгеруі
рН деңгейі Топырақ реакциясы
Топырақ түрі
<4
өте күшті қышқылды шымтезек (3-3,5)
4,1 - 4,5
күшті қышқылды
шымды-күлгін (4-5)
4,6 - 5,0
орташа қышқылды
5,1 - 6,0
əлсіз қышқылды
сілтісізденген қара топырақ, сұр
орманды
6,1-7,4
бейтарап
кəдімгі қара топырақ, қуатты қара
топырақ (6,5-7)
7,5 - 8,5
əлсіз сілтілі
оңтүстік қара топырақ, қара қоңыр (7,5)
8,6 - 10,0
күшті сілтілі
сұр топырақ (8,5), сортаң (9)
>10,0
өте күшті сілтілі
-
Топырақтың актуалды қышқылдығы, топырақ ерітіндісінің
қышқылдығы сутек ионының (Н
+
) гидроксил ионының (ОН
-
) кон-
центрациясы артық болғанда байқалады.
Топырақта өнебойы СО
2
түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен
əрекеттесіп, көмір қышқылын Н
2
СО
3
түзіп, Н
+
жəне НСО
3
-
ионда-
рына диссоциацияланады. Нəтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек
иондарының концентрациясы артады да, ерітінді қышқылданады.
Сонымен топырақ ауасында СО
2
концентрациясы неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым ерітінді қышқылданады.
Егер топырақта сіңірілген күйде натрий ионы көп болса (сор жəне
сортаң), онда ерітіндіде көмір қышқылды натрий тұздары түзіліп,
ерітінді сілтілі келеді.
Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары жəне сіңіріл-
ген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда
топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты орын алып, топырақты
əлсіз сілтілендіреді.
Қышқылды жəне күшті қышқылды шымды-күлгін жəне
шымтезекті-батпақты топырақтарда сіңірілген күйде кальций
аз, сутек пен алюминий иондары көп, топырақ ерітіндісін көмір
қышқылы мен қатар еритін органикалық қышқылдар жəне гидро-
лиз нəтижесінде қышқыл мен əлсіз негіз пайда қылатын алюминий
тұздары қышқылдандырады.
|