5
1879 жылы Санкт-Петербургте болған
табиғат зерттеушілері
қоғамының геология жəне минералогия бөлімінің мəжілісінде
В.В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді.
Кейін бұл пікірлер əрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ
– жер бетінің майда ұнтақталған
құнарлы қабаты, тірі жəне өлі табиғатқа тəн бірнеше сипаттары
мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті
– құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді
барлық қоректік заттармен
жəне ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы
туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар
дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы
топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып,
суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сəулесі мен ауадағы
көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нəтижесінде дене-
сіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едəуір
энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар,
яғни органикалық
жəне органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат
тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана,
күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы
өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының
өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тəуелді. Ескеретін жай,
топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар, т.б.)
айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам
үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты
моральдық жəне физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды.
Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын жəне сарқылатын бо-
лып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат
қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін жəне
қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін
қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер
қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары жəне топырақтар жатады
(Банников, 1977). Бірақ та топырақты қалпына келетіндер қатарына
қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта
шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім
алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал
төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себеп-
терден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ
уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын
6
құбылыс. Мəселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты
түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың
жыл уақыт керек.
Құнарлы қабаты түгелдей жойылған
топырақтар болжамды
уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан адам өзінің
тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су жəне жел эрозия-
сынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ
құнарын жылма-жыл арттыру жəне жақсарту шараларын іске асыруы
қажет.