191
Гумификация құбылысын зерттеген белгілі ғалым – Л. Н. Алек-
сандрова. Оның жасаған сызбанұсқасына қарағанда, гумус орга-
никалық қалдықтардың ыдырауы, микробиологиялық синтез,
гумификация, топырақтың минералды бөлігімен көбеюі, минерали-
зация процесі жəне минералдық құрамдас бөліктерінің биологиялық
айналымға қосылуы арқылы түзіледі. Л. Н. Александрова бойын-
ша, гумификация – органикалық қалдықтардың түзілуі арқасында
жоғары молекулярлық қосылыстардың күрделі биофизикалық-
химиялық құбылыстар арқылы органикалық құрамдардың ерек-
ше класы – қара шіріндіні түзуі. Бұл процестің белсенділігі
топыраққа түскен өсімдік қалдықтарының мөлшері, химиялық
құрамы, топырақтың ылғалы, ауа режимдері, ортаның реакциясы,
биологиялық белсенділігі сияқ ты факторларға байланысты жүреді.
Л. Н. Александрова топырақтағы органикалық қалдықтардың гу-
мификациялану типтерін – фульватты гуматты, фульватты-гуматты
көрсетті.
Белгілі ғалым Д.С. Орлов (1977) осы түсініктерге гуми-
фикацияланудың тереңдігі деген ұғым енгізіп,
Н=f(Qіt)
өрнегін құрды.
Q – жыл сайын топыраққа түсетін өсімдіктер қалдықтарының
мөлшері,
і-олардың ыдырауының тездігі,
t-топырақтың биоло-
гия лық белсенділігінің уақыты. Бұл көрсеткішпен əр түрге то-
пырақтардағы гумификация процесінің сипаттамасын анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: