Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың мəденилiгi. Топырақты мəдени түрге келтiру 
деп оның құнарлылығы мен ауылшаруашылық дақылдарының 
өнімділігін арттыру үшiн адамдардың бағытталған əрекетiнiң 
арқасында агрофизикалық, агрохимиялық, биологиялық жəне 
агротехникалық қасиеттерiнiң өзгеруiн айтады. Топырақты мəдени 
түрге келтiру шараларының əсерi шымды-күлгiн жəне сортаң 
топырақтарда күштiрек байқалады.
7.1. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары
Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, 
ауаны жəне жылуды керек етеді. Мəдени өсімдіктердің осы 
мұқтаждарын қанағаттандыруға қабілеті бар топырақты құнарлы 
топырақ деп атайды.
Құнарлылық – топырақтың ең басты əрі ең негізгі агрохимиялық 
қасиеті, ол басқа да бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты бола-
ды. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен 
комплексті келеді. Ол көптеген жұмыстарды атқарудан тұрады, атап 
айтқанда:
1) Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асырудан;
2) Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізуден;
3) Органикалық жəне минералды тыңайтқыштарды дұрыс жəне 
тиімді қолдану шараларынан;
4). Əртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асы-
рудан тұрады.
Топырақ сапалығы, яғни бонитировкасы деген ұғым латынша 
bonita – сапалығы деген сөзден шыққан. Топырақтың сапалығын 
бағалау дегеніміз – топырақтың сапалығын потенциалды құнарлығын 
өнім беру қасиетін, табиғи жəне мəдениеттелген фитоценоздармен 
салыстыру. Топырақтың бонитировкасы іс жүзінде қолданылатын 
ауылшаруашылық ерекшеліктеріне қарап дəрежеленуі деп 
қарастыруға болады. Бонитеттеудің:
1. Топырақтың табиғи қасиеттері (құнарлылығы) белгілі бір 
дақылдар өнімімен сəйкестелінетін.


219
2. Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың 
өніміне сəйкес-тендіріп, баға беру сияқты əдістері бар. Топырақ 
бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны балмен көрсетеді. 
Топырақтар 1-ден 100 ге дейінгі балл болмаса, нашар, орташа, өте 
жақсы бағалар арқылы кластарға, (топтарға) бөлінеді.
Топырақ құнарлылығын реттеу. Өсімдік шаруашылығының 
өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын міндетті түрде 
бағдарлау жолымен реттеу керек. Интенсивті егіншіліктің негізгі 
мақсаты – топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы 
арттыру. Сонымен қатар, топырақ құнарлылығын төмендетуге 
бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны, қуаңшылықты, 
гумус пен қоректік заттар қорының кемуін жою, топырақты ме-
лиорациялауды енгізу, қолайлы физикалық химиялық ортаны жа-
сау, құнарлылықты жəне ауылшаруашылық дақылдар өнімдерін 
арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
Топырақтың 
агрофизикалық 
жəне 
физикалық-химиялық 
қасиеттері. Топырақ көп фазалы жүйе. Топырақ қатты, сұйық, газ 
бөліктерінен тұрады. Бұлардың арақатынасы əртүрлі топырақта 
ғана емес, тіпті, бір топырақ қабатының өзінде де əртүрлі болады. 
Топырақтың жоғарғы қабатынан бастап, төменгі қабатына қарай 
бірте-бірте органикалық заттар мен тірі организмдер азая береді де, 
оның қатты бөлігінде минералдық заттар басым келеді.
Топырақтың қатты бөлігінің құрамы – органикалық заттарда, 
оның негізгі бөлігі күрделі құрылымды қарашірік. Органикалық зат-
та клетчатка, лигнин, белок, қант, шайыр, май, т.б өсімдіктер мен 
жануарлар, микробтектес қалдықтар қосындылары жəне солардың 
ыдырау процесінде пайда болған аралық заттар болады.
Топырақтағы органикалық заттар ыдыраған кезінде олардағы 
азот өсімдікке сіңімді түрге айналады.
Танаптың топырақ қабатында өсімдіктер мен басқа тірі 
жəндіктердің қалдықтарын бактериялар мен қарашірікті құрайтын 
топырақ түйірлерінің органикалық бөлігі түзеді. Топырақтың 
құнарлылығы ондағы қарашіріктің аз-көптігіне қарай бағаланады. 
Топырақтың тірі бөлігі топырақ микроорганизмдерінен (бактерия-
лар, саңырауқұлақтар, балдырлар), омыртқасыздардың көптеген 
тобынан (қарапайымдар, жəндіктерден, құрттардан, насекомда-
ры мен олардың личинкаларынан), топырақ арасында тіршілік 
ететін омыртқалылар тобына жататындардан тұрады. Бұлардың 


220
қалдықтарының бір бөлігі толық минералданатын болса, екінші 
бөлігі қайтадан топырақтың органикалық жаңа түріне – қарашірікке 
айналады.
Өсімдіктер өсіп өну кезеңінде топырақта сумен бірге қоректік 
заттарды алады да, ал олардың негізгі қоры осы қарашірік болып 
табылады. Қарашіріктің негізгі қоры осы қарашірік болып табы-
лады. Қарашіріктің негізгі қасиеті – оның өз бойына суды жақсы 
сіңіргіштігі. Сондықтан топырақтың физикалық қасиетін де 
жақсартады, яғни ол топырақ құрамындағы түрлі минералды заттар-
ды біріктіріп ұстап тұрады, қатты жаңбырдан кейін топырақ бетінде 
қалың қабыршақ пайда болуы – топырақтың құнарсыздығынан, 
ондағы қарашіріктің аздығынан болады. Топырақ қабатының жылу 
тəртібі органикалық қалдықтардың шіруі мен жылудың бөлінуіне 
байланысты. Топырақ қабатында пайда болған қарашірік оның өте 
ұсақ майда бөлшектерін өзара біріктіреді, жабыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет