Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет112/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

таңбасы қойылады. Əр оқушы əртүрлі оқушымен берілген барлық
тапсырманы орындап шығады.
Ең алдымен 5-7 оқушыдан тұратын бірнеше топтар
ұйымдастырылады. Бұл топтар карточкадағы тапсырмалар
бойынша жұмыс істейді. Біраз уақыттан кейін əр топтан барлық
тапсырмаларды игереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа
карточкалардағы тапсырмаларды орындайтын жаңа шағын топтар
пайда болады. Оқушылардың іс-əрекетін бақылайтын карта жеке,
топтық немесе сыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының
карточкадағы аты-жөнінің тұсына нүкте, тапсырманы орындап
болған соң баға қойылады.
Бұл технологияны тəжірибеде іске асыру бастауыш сынып
оқушыларының тақырыпты оқыту циклін өтуге қажетті уақыт
бойынша дамуыныңмақсаттылығын көрсетеді. Оқыту циклі
түрінде бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың іс-əрекет-
терінің жиынтығы түсіндіріледі, бұл оқушының алдын ала
көрсеткіштері берілген мазмұнды белгілі бір бөлігін меңгеруге
əкеледі.
Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі, білім
сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің
өз міндетіне, қатынасына, көзқарасына, шеберлігіне байланысты.
Бала мектеп табалдырығын оқып-үйренуге деген үлкен ынтамен,
ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті жəне қабілетсіз деп бөлуге
болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп емес,
ең алдымен, оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-əрекетін
сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
238 239
Қандай əдіс-тəсіл болса да, əр оқушыны ойлантуға жетелеумен
бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз
ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.
12.6. Топтық оқыту технологиясы
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша топтық оқыту тəсілдерінің
ұйымдастыру жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық,
жекеше. Осылардың ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ.
Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дəріс-
семинарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық
əдістер тəрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық
шарттардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ
мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс
қарым-қатынас жəне бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың
психология-педагогикалық негіздемесі:
1. Іс-əрекет принципін жүзеге асыру.
2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру.
3. Білімді жалпы жəне толық бақылау.
4. Оқу ұжымындағы психологиялық жағымды жағдайдың
қалыптасуы.
5. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.
Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы жəне оқушылар
арасында өзара қарым-қатынастың болуы топтық оқытудың
маңыздылығын көрсетеді. Топтық оқыту кезінде балалар тыңдай
білуге, жолдастарының пікірімен санасуға, жанжал, тартыстарды
шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп əрекет ету арқылы
өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады, оқу үлгерімі артады,
өзін-өзі құрметтеу сезімін тəрбиелейді, сыныптағы достық ұлғаяды,
мектепке деген қарым-қатынасы өзгере бастайды, өзара көмектің
құндылығын мойындайды.
Топтық оқытудың төрт типі белгіленген:
1. Жұптық оқыту.
2. Бірге отырған топтар.
3. Шағын командалар.
4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар
мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі
оқытудың ұйымдастырушылық формасын айқындайды. Қарым-
қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым-
қатынас түрі құрайды. Ал оқытудың ұйымдастыру формасына
жұптық (біреуі екіншісін оқытады), топтық (біреуі бір мезгілде
бірнеше адамды оқытады), ұжымдық (əрқайсысы əрқайсысын
оқытады) жəне жекеше формалары жатады. Оқытудың ұжымдық
түрі əр оқушы əрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады.
В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тəсілі мен топтық оқыту тəсілдерінің
ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.
Топтық жəне ұжымдық оқытуды салыстыру
Топтық оқыту тəсілі Ұжымдық оқыту тəсілі
Ұйымдастырушылық:
Нақтылық Нақтылық жоқ
Бір бала сөйлейді Барлығы сөйлейді
Оқушылар қарым-қатынасы
шектеулі
Оқушылар бір-бірімен қарым-
қатынас жасайды
Үнсіздік, тыныштық Жұмыс барысындағы шу
Тұрақты жұмыс орны Жұмыс орны ауысып отырады
Дидактикалық:
Кəсіби педагог оқытады Оқушылар оқытады
Барлық материал бірден
барлығына беріледі
Қарқын жəне материал əртүрлі
Өз бетінше жұмыстың аз болуы Толық өз бетінше жұмыс
Ынтымақтастық жоқ Ынтымақтастық – оқыту негізі
Меңгеруі жəне қолдануы
шашыраңқы
Максималды жақындатылған
Дамытушылық:
Оқушы – объект Оқушы – субъект жəне объект
Балалардың қабілеттерінің
теңестірілуі
Жеке ерекшеліктеріне
байланысты
Оқытудың жүйелілігі Аяқ астынан болуы
Ел алдына шығып сөйлеуге
үйренбейді
Ел алдына шығып сөйлеуге,
талдауға, дəлелдеуге үйренеді.
Түсіндіре алмайды Педагогикалық қабілеттерін
дамытады.
240 241
Тəрбиелік:
Əрқайсысы өзі үшін жұмыс
істейді.
Өзі жəне басқалар үшін де
жұмыс істейді.
Ұжымдық емес қарым-қатынас Ұжымдық қарым-қатынас
Топтық оқыту кезінде ережелерді анықтап, оларды үйрету керек.
Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді беру немесе өз беттерінше
ережелерді ойлап шығаруды ұсынған жөн. Бұл ережелерді толық
талдау керек. Бес ережеден артық болмауы керек. Не істеу керектігі
нақты түрде жазылғаны дұрыс. Ереже көрнекті жерге жазылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет