Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет115/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио,
бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын
қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CDROM,
Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау
тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне
т.б. əрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі:
- Пəн бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
əдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың
ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске
қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін
əдіс деп қарауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % жəне
көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- жəне видеоақпаратты
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ
мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты əрі
жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу
мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік-
бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім
оқушыжүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды
жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы
жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық
дифференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі
таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру
үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор
екені байқалады. Оларға:
- бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын
жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды
меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту үдерісіне
интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
- оқытудың жаңа əдістері мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық іс-əрекетін компьютерлік ойындар жəне т.б.)
сабақта жиі қолдану;
- проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін
қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті
компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта жəне
мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану
арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мəтіндік
ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына
кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер,
графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында
тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне
өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап,
қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен
жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен
сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға
электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала
дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын
бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың
барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру
жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық
материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы
мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды
қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға
шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу
үшін бағыт береді жəне бақылап отырады.
248 249
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен
сабақты қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақта екпінді түрде
өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен
оқушының орындаған іс-əрекеттерін есте сақтап келесі сабақта
қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың
барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу
арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын
тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу
материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық
объектілер – сабақтың жақсы өтуін жəне барлық ақпарат
түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, Активті экран
кешенін қолдану арқылы оқыту үдерісінде жаңа дидактикалық
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар
даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін
қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа
қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін
түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде
мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,
мысалы географиядан, физика, биологиядан жəне т.б. пəндерден
сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны,
физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады жəне сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет