Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет108/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

жоғары үлгерімділігіне жетудің міндеті дифференциалды оқытуда
оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі. Оқыту жəне
білім берудегі дифференциация туралы түсінік.
Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты
бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады.
Топты құрылымдық талдау схемасы.
Бірінші топ, жоғары оқу қабілеті бар оқушылар:
а) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, даму жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топ оқушылары оқу міндеттерін өз бетімен шешуге жəне
белгісіз жағдайда қажетті білімді қолдануды талап ететін қиын
материалдармен жұмыс жасайды.
Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар:
а) орташа деңгей, оқуға қабілеті жəне жұмысқа орташа
қабілеттілігі;
ə) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің
жəне тірек схемасының көмегімен орындайды.
Үшінші топ, оқу қабілеттері төмен оқушылар:
а__________) жоғары деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі;
ə) орташа деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа төмен қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта
қосымша түсіндірулерді жəне жаттықтыратын жұмыстарды қажет
етеді.
Дифференциалды оқытуда əлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан
соң қосымша дайындалуды қажет етпейді. Дифференциалды
оқыту үдерісінде оқушылардың бір топтан, екінші топқа көшуі
мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен,
сабақта білім алуда қызығушылығының тууына талаптануда, оқу
бағыттылығының жоғарылауы жəне кемшіліктерді толықтыруында
қамтамасыз етіледі.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Дифференциация, Дифференциациялап оқыту, Оқыту
жəне білім берудегі дифференциация, Дифференциацияның
тиімділігіұғымдарына педагогикалық сөздіктер, жаңашыл педагог-
ғалымдардың берген анықтамалары бойынша сипаттама беріңіз.
228 229
2. Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму
кезеңдерін саралаңыз.
3. Дифференциациялап оқытудың мақсаттарын анықтаңыз
4. Дифференциация түрлеріне сипаттама беріп, оны сызба
түрінде кескіндеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
4. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, 4, 2008.
5. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
6. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
12.5. Ұжымдық оқыту технологиясы
(В. К. Дяченко, А. Г. Ривин)
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған
диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне
дарындылар, оқудың ұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында
оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары
мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен,
А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу
материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама,
сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу
мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары),
мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау
жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
- дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды
қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау;
жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада
жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын
қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл
біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;
- таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін»
меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау
жəне оқу қорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі
модификациялары бар.
Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу
материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай,
таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз,
сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та-
рауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін);
- қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын мұғалім
оқушыережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде
қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің
жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау
сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім
алмастырумен аяқталады;
- жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға
жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с.
Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет