Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет60/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару –
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз
демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан
қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал
қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп,
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын
мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие
үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың ォҚазақстан дамуының басты
бағытыサ атты жолдауында: ォБілім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген
азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде
əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол
жеткізуге тиіспізサ, – деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін
жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың
мемлекеттік тұжырымдамаларында ォКез келген білім бағдарлама-
ның табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби
шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарында биік деңгейде
жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кəсіби дəрменсіздігі құлдыратадыサ, –
делінген. Елбасының ォҰлттық бəсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
оның білім деңгейімен айқындаладыサ, – деген байламы бүгінгі
мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың ォҚазақстан-2030サ атты Қазақстан
халқына арналған Жолдауында ォБіздің жас мемлекетіміз өсіп
жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен
бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,
олар бейбіт, айбынды, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі əлемге əйгілі
əрі өз елінің патриоты боладыサ, – деп көрсетілгендей, ертеңгі келер
күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын құдіретті күш-білімге тəн. Жас мемлекетіміздің
болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,
олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған
негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік
желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім
алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды
оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері
сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы
интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік
білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін, білімді толығымен
алуға, қажет ақпараттық мəліметтерді, ғылым саласына байланысты
озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен
танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай
сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму
үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру – қоғам талабы.
Жас ұрпақты осындай азамат етіп тəрбиелеу үшін оқу үдерісіне
көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Ол өзгерістер
мен жаңалықтарды жүзеге асыратын ұстаздар қауымы. Мұның
өзі ұстаздарға асқан жауапкершілік пен ізденісті, білім беру
көкжиегіндегі жаңалықтарды еркін меңгере отырып, əлемдік
128 129
білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды
талап етері сөзсіз. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім
технологиясын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімнің
интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық жəне
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді.
Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-
əрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі
мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш – білім десек, болашақтың иегері
жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың
қолында. Осы тұрғыда Назарбаев Университетінде елбасы
Н. Ə. Назарбаев ォҚазақстан білім қоғамы жолындаサ атты
лекциясында: ォМұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы
қажетサ, – деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ォБілім туралыサ жаңа заңының
7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен
міндеттері айқын көрсетілген. Заңды құрметтей отырып, педагог
қызметкерлер өз міндеттері мен жауапкершілігіне сергек қарауы
қажет. Оқушы білімінің санасы, тəрбиесінің нəтижесі ұстаздың
кəсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді
ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім
мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың
рухани, ғылыми жəне шығармашылық қабілеті жоғары болған
жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген
мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша
басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан
туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық
даму деңгейін айқындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі — маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Дəстүрлі оқыту əдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тəжірибесі
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған əдістемелік жүйенің
оқыту үдерісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі
туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет