Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет7/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

2.2. «Инновация» туралы жалпы түсінік
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік
əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы
əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
ォИнновацияサ ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған
əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны
20 21
былайша түсіндіреді: ォИнновация – нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идеяサ. Майлс: ォИнновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтемізサ –
дейді.
Ендеше ォинновацияサ ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына
ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде ォжаңаサ,
ォжаңалық енгізуサ, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны ォөзгерісサ деген
терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп»
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы ォжаңару,
жаңалық, өзгеруサ деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен
тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл
терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде
берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен
терең таныта алмайды. Инновацияны ォБілім беру жүйесіндегі
жаңалық енгізуサ деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
ォИнновацияサ ұғымы ең бірінші XIX ғасырда
мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет
түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл
ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді
дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық
болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір
мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал,
Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.
Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын
анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси
əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде,
ТМД елдерінде, Қазақстанда ォинновацияサ ұғымына көптеген
анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш ォИнновацияサ ұғымына қазақ тілінде
анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол ォИнновация,
инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану __________жəне таратуға байланысты
бір бөлек қызметіサ деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрахметов ォинновацияサ білімнің мазмұнында, əдістемеде,
технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде
инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке
түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-
дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық
қамтитын).
ォИнновацияサ сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина,
техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз
ォжаңа, өзгеру, жаңашаサ деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі
жаңа заманға да ォжаңа, жаңаша өзгерудіңサ мазмұны терең жəне
анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес
қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше
пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет