Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет3/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Курстың объектісі – қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102
– БОПƏ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік
стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы
ретінде.
Курстың пəні – 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша ҚР
мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сы-
ныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана
алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне
қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
• ォпедагогикалық технологияサ, ォоқу пəндерін оқыту
8 9
технологияларыサ ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасау;
• Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға
болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау
жасау;
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына
қойылатын талаптар:
– курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы
түсініктері болуы тиіс;
– математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға
сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
– қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар
жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
– белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша
педагогикалық үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.
1.2. «Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен
бірге ォтехнологияサ деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60
жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл
термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті.
Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең
жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін
анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-
бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін
жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша,
технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды,
қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер,
шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан.
Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді
беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің
тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта ォпедагогикалық технологияサ ұғымы əр түрлі
түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен
ォтехникаサ, ォтехнологияサ терминдерінің мағынасын түсініп,
тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін
əлемдік педагогикалық тəжірибеде ォтехнологияサ ұғымының
тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
ォТехникаサ терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер
жинағы.
ォТехнологияサ термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны
білдіреді.
ォТехнологияサ түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов
оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда ォформаサ немесе ォəдістемеサ
түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау
технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың
ォдəстүрліサ технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің
мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер ォтехнологияサ түсінігін ашпайды,
сондықтан ォбілім беру технологиясыサ, ォпедагогикалық технологияサ,
ォоқыту технологиясыサ терминдерін қарастыру қажет. Берілген
түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде
көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде ォтехнологияサ түсінігі
педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы
мəні (ォшеберлік жөніндегі ілімサ) педагогикалық міндеттерге:
педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай
келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық
технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады,
мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру
жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық
оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар ォпедагогикалық технологияサ,
ォоқу-оқыту технологиясыサ жəне ォтəрбиелеу технологиясыサ
ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал
бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы
10 11
педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын
педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан
ォпедагогикалық технологияサ мəні ォоқу технологиясыサ, ォтəрбие
технологиясыサ ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де
ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер
табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның
дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге
жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша
қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан,
олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық
негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко
жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина,
С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы
жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я.
А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ
оқудың ォтехникалықサ (яғни ォтехнологиялықサ) болатынын уағыздап,
оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.
Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға
бастау берген даналық пікірлерді табамыз: ォДидактикалық машина
үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол
мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың
орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды
қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керекサ, – делінген.
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі
механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге
дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген
тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе,
техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы
нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина,
Ю. К. Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс
беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушы-
ның педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға
өзгеріс енгізілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет