ұйымдастырылған диалогқақатысқандардың ата-тектері жəне барлық оқу элементтері көрсетілген топтыққұжаттар жүргізіледі. Ұжымдықөзара оқыту технологиясы жағдайында əрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатарұжымдық еңбекқорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мəртебесі мен жұтаңдығын бағалауқалыптасады. Мұғалімде біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұлұжым микроауданына дұрыс əсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай __________болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге əкеледі. 230 231 Ұжымдық оқыту тəсілі дəстүрлі оқыту түрлерінқосақамтиды, яғниұжымдық оқытуда дəстүрлі жеке жұмыс түрі, жұппен жəне топтық жұмыс түрлеріқолданылады. Сонымен көрсетілгенөмірдегі адамдар арасындағықарым-қатынасқұрылымдары, бізге – оқу үдерісінде 4 ұйымдастыру түрін береді: жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық; оларды В. К. Дьяченко ортақ немесе құрылымдық деп атайды. Оқуүдерісі тек қана осы түрлер арқылы іске асады. Ұжымдық түрлердің мінездемесіне тоқталмас бұрын, топтық түрдің негізгі белгілерін қарастыру керек, себебі көптеген авторлар М. Д. Виноградова, В. В. Давыдов, Г. Г. Кравцов, Х. И. Лиймеж бригадалық (топтық) жəне ұжымдық-бөліну жұмыстарынұжымдық деп қате таниды. Топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады: 1. Қарым-қатынастың топтыққұрылымы; 2. Негізгі талап: бір адамды таңдау мүмкіндігіүшін жалпыға бірдей тыныштық, яғниқарым-қатынастың əрбір сəтінде тек қана бір адам сөйлей алады; 3. Негізгі жақсы жағы: топ мүшелерінің білуі жəне істеуі тиіс нəрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі; 4. Əдебиетте кəсіби педагог, яғни арнаулы білімі бар мұғалім оқытады; 5. Əрбір оқушы мұғалімнің айтқанынүндемейқабылдауға тиіс, сондықтан оқуға деген селқостығы болады; 6. Əрбір оқушы тек өзіне жəне өзінің жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды жəне қамқорлық жасауы тиіс. Яғни, ол өзіне ғанаөз білімі мен тəртібіне жауап береді; 7. Оқушылардыңқоғамдық пайдалы іс-əрекеттері болуы мүмкін емес, өйткеніөзіүшінғана оқиды; 8. Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты объектісі, сырттай қараушы тірі жəндігі; 9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді; 10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтастық пен жолдастық өзара көмек жоқ. Ал, звено бригадасы арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың шамалы айырмашылықтары бар, бірақ мəнін өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер: - топ 3-8 адамдық тұрақтықұрамынан тұрады; - біреуі топты оқытып-үйретеді; - кейбір жекелеген оқушылар оқытушы ретінде бола алады (ша- малап) 20% ғана жəне т.б. Осығанұқсасұжымдық оқыту жұмысы. Айырмашылықтары тек қана аттарында: педагогикада топтық жұмыс (звено-бригадалық) психологияда ұжымдық бөлу (кооперация түрі бойынша) дейді. Көрсетілген аттар мұғалімдер мен əдіскерлерді шатастырады. Ұжымдық жұмыс түрі – жалғыз; топтық, тіпті жекеменшік жұптық жұмысұжымдық ешқашанда бола алмайды. Ұжымдық оқыту деп біз ұжым əр өзінің мүшесін жəне əр мүшеөз жолдастарын оқытып тəрбиелегенді айтамыз. Олай болса, ұжымдық оқу түрі – үйретушілер мен үйренушілер арасындағы ауыспалы жұптағықарым-қатынасы деп танимыз. Ұжымдық оқыту түрінің нағыз мағынасы осындай. Сондықтан топтық жəне ұжымдық жұмысты шатастырмау керек. Ең алғаш оқытудыңұжымдық түрін 20-шы жылдары А. Г. Ривин өз іс- тəжірибелерінде қолданған болатын. А. Г. Ривин əдістемесінің тиімділігін өзінің шəкірттері, ізбасарлары жаңартып, оқырман қауымға, ұстаздарғаұсынып отырады. А. Г. Ривин сол кездерін есіне түсіріп: ол кезде мені революциялық пафос қамтыды (қаптауы) мен сөткелеп жұмыс істеуге дайын болдым. Аз ұйықтадым, шаршамадым. Менің жағдайым балаларға беріледі, олар мені түсінді. Бізді үнемі жетістіктер қуантып отырды. Қазіргі мектептерде буынға, сөзге, сөйлемге бөліп оқытады. Ал, А. Г. Ривиннің əдістемесі бойынша буынға бөліп емес, абзацпен оқытыпүйретеді. Əрине, бұлөтеқиын əрі күрделі тəсіл. Бұл күрделі іскерлікті қалыптастыруүшінөзгеше дəнекерлік болып табылады: оқушылар əрбір бет, параграф, тақырып бойынша оқыпүйренеді. Виталий Кузьмин Дьяченко өзініңォОқытуүдерісінұйымдастыру ортақ түрлеріサ (Красноярск, 1984) атты монографиясында абзацтық оқуды атап көрсеткен. Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі – сабақтағы жұмыстың топтың түрі. Яғни, ұжымдық тəсіл. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне-бірі айтады, сыныпта өзініңқабілеттерін көрсетеді. Бұл бара-бара əдетке айналса жақсы. Мұғалім даярлап келген қиындықтары бар əр түрлі сұрақтарға жауап беріп, тəжірибелерді қайталап жасап, түсінік беруге қалыптасады. Мұғалімнің іс-əрекеті сабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқа жету жолында жаңа, озық 232 233 əңгімелерді кеңіненқолданып, оқу-тəрбие ісін ұтымды етуден жеткізуге түседі, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріп отыруға үйретеді.