Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет103/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

сынып оқушылары да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен
жіберген кемшіліктері туралы мəліметтер алып, өз еңбегіне талдау
жасайды. Ең бастысы, бастауыш сынып оқушылары оқудан
лəззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға
дағдыланады.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан
кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.
Мəселен, 3-сыныпта қазақ тілі сабағынан Зат есімтақырыбын
алайық. Бұрынғы дəстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның
сұрақтары қандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына,
деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасын өзіміз айтып
түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан
соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті
мол, шапшаң, дарынды балалар оны тез орындайды да əрі қарай
бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап,
кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалім қабылдауы тез,
дарынды оқушыға əрі қарай іздендіретін, ойландыратын __________жұмыс
беріп талпындыру жағдайын қарастырмайды. Ал профессор
Ж.Қараев технологиясында Л.Выготскийдің Оқыту үдерісінде
оқушының ақыл-ойының дамуы, өзекті даму аймағынан, жақын
арадағы даму аймағына ауысуытуралы теориясы басты негізге
алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты
меңгеруіне қолайлы жəне қызықты тапсырмалар беріледі. Олар
сұрақ-жауапдиалогы түрінде беріліп, оқушылардың дербестік
қалпы мен танымдық іс-əрекетін дамытуға бағытталған. Бұл
оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді
өздігінен қорытуға жəне анықтамаларды қарастыруға жетелейді.
214 215
Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы оның
жеке басы қабілетінің даму мониторингі бойынша анықталады.
Оқытудың бұл технологиясы оқушылардың өздігімен жүретін
танымдық іс-əрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей
бойынша құрастырылғанда; оқыту үдерісі – мəселелік жəне
даму ұстанымдары бойынша жүргізілгенде; барлық деңгейдегі
тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған жағдайларда оқушыларда
ынталану пайда болады. Сондықтан да осы технология бойынша
жұмыс жасауда оқушылардың, тіпті үзіліс кезінде де сабақтан бас
алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бəсекелесе отырып жұмбақ,
сөзжұмбақ, ребус сияқты əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп
жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады.
Оқушылардың өзіндік іздену іс-əрекетінің əдістерін меңгеру
талап етіледі. Өйткені бұл əдістердің күнделікті пайдаланып
жүрген оқыту əдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа
жағдайдағы оқыту əдістемесідеп отырғанымыз: оқушы-
мұғалімұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда
бірінші орында оқушы тұрады жəне оның өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне баса назар аударылады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес жəне топтық
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат
оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп
беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды
түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау жəне түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты
бойынша оқытуды ізгілендіруқажет. Бұл үшін оқу құралдары
оқушылардың өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай
болуы керек. Бұрынғы дəстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір
психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің
оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы актуалды даму
аймағынан жақын дамуаймағына ауысуытуралы теориясы. Бұл
ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші
деңгейден өнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-əрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл
деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгейміндетті, оқушылық,
екінші – алгоритмдік, үшіншіэвристикалық, төртінші
шығармашылық.
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында
білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның
шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нəтижелі болуы үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пəн бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын жəне түсіндіру əдістерінің жаңа
тəсілдерін күнделікті сабаққа қолдану керек. Көбінесе мына
жағдайларға көңіл бөлу қажет:
1) сабақтың __________мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау,
3) сабақтың нəтижелілігі.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін,
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы бойынша,
дифференциалды жəне дербес деңгейлік принциптерінің
талаптарына сəйкес өткізілетін əртүрлі сабақ түрлеріне арналған
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар: əңгімелесушіқулықтар жəне оларға қосымша төрт
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дəптерлері.
Əңгімелесушіқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз
бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.
Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін,
жұмыс дəптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет