Педагогикалық технология аттары, авторы Мақсаттары Ынтымақтастық педагогикасы - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту; - балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі. Білім берудегі ізгілендіру технологиясы. Амонашвили Ш. А. - баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу; - баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату; - баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту. Ойын арқылы оқыту технологиясы - дидактикалық; - тəрбиелік; - дамытушылық; - əлеуметтендірушілік. Проблемалық оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыға ие қылу; - өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; - танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамы- ту. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; - жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту; - оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау). Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы (Лысенкова С. Н.) - білім, білік, дағдыны меңгерту; - мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру; - барлық баланы табысты оқыту. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы. - əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; - оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау. Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. - əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; - оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау. 48 49 Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько) - ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Оқытудың компьютерлік технологиясы - баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту; - ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту; - жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев) - математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу. Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин) - пəндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау. Өздігінен даму технологиясы (М. Монтессори). - барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту; - балалардың математикаға де- ген қызығушылығын туғызу. - балалардың бойында дарын- дыларды тəрбиелеу; - жан-жақты дамыту; - дербестікке тəрбиелеу; - бала санасындағы нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі. Дамыта оқыту технологиясы (С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков,