3.2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тəрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі бола алады. 40 41 XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тер- бетер, баптап өсірер тəрбие керек. Ұрпақ тəрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мəдени дамуына үлес қосатын, əлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мəдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тəрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тəрбиесі қай кезде де халықтық мəселе болған. Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нəрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дəлелденген. Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық. Жеке тұлға қалыптастыруда əр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дəрежесін көтеру керек жəне жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мəдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-əрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тəрбиелеу. Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша əдіс- тəсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицей, т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз. Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тəрбие, салт-дəстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар өмірге келуде. Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тəжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде. Ал ォтехнологияサ түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті – деп В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тəжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан əдістер құралдарының жиынтығы. Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі – саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді меңгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі. Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім