Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы



бет29/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов бойынша)
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған
В. Ф. Шаталов.
Мақсаты: əр оқушының білім, білік, дағдыны қалыптастыру,
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту,
жеделдете оқыту.
Принципі:
- үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, əрекет негізіне бағыттау;
- жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктілік;
- күш түсірмей оқыту;
- түзету, жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтыл-
дыру;
- жетістіктің жариялылығы;
- тəрбие мен оқытуды байланыстыру.
Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
1. материалдар ірілендіріп беріледі;
2. блоктық түрде беріледі;
3. оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы
беру;
4. берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек
конспектісі.
Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты: əр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу
ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзін-
өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі: 1. Жекелей оқыту. 2. Жұптық оқыту. 3. Топтық
оқыту. 4. Ұжымдық.
Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін
атқарады.
Талаптары:
- Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.
- Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен
қарау.
- Өзі оқи отырып өзгені оқыту.
- Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Технологияның жүргізілу кезеңдері:
1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі:
- берілген тапсырмамен танысу;
- шағын бөлімдерге бөлу;
- əр бөлімдерге ат қою;
- жоспар құру;
- жоспарға сүйене отырып, текст мазмұнын меңгерту;
- тексеру сұрақтарын даярлау.
2. Тапсырман екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:
- тақырыптың мақсаты не?
- жоспармен таныстыру;
- мазмұнын түсіндіру;
- бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу.
3. Өз бетінше жаттығу жазу, тəжірибе жасау, есеп шығару,
шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.
Тəрбиелік мəні:
1. өзін-өзі басқару;
2. өзіне-өзі қызмет ету;
3. жауапкершілікті сезіну;
4. басқаның еңбегін бағалай білу;
5. ұқыптылық;
6. белсенділік;
7. адалдық;
68 69
8. байқампаздық;
9. зейінділік;
10. ынтымақтастық;
11. ұжымдық;
12. бірі бəрі үшін, бəрі бірі үшін принципінің орындалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет