Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет6/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
2.1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті
мəселесі.
2.2. ォИнновацияサ туралы жалпы түсінік.
2.3. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері.
2.4. Инновацияның негізгі қағидалары.
2.5. Білім берудің инновациялық əдістері мен технологиялары.
2.6. Инновациялық əдістердің классификациясы.
2.7. Инновациялық технологиялардың өлшемдері.
2.1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің
өзекті мəселесі
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ォҚазақстан-2030サ Ре-
спублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар
мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен
қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық
технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты
мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін
халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына
сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби
шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-
əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары
мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру,
тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару –
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз
демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан
қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал
қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп,
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын
мектеп шаңырағы қажет.
18 19
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие
үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
Елбасы Н. Назарбаевтың ォҚазақстан білім қоғамы жолындаサ
деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім
сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен
сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен
міндеттерді жүктегені барлығымызға мəлім. Ендеше келешекте
Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ
ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім
сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік
желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай
білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа
электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім
мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік
технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта
арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін
білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым
саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі
жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай
сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму
үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері –
жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында.
Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы
Н. Назарбаевтың ォИнновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы
білім экономикасынаサ – атты тақырыпта оқыған лекциясында:
ォМұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда
жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет,サ –
деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық
__________негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер
ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық
жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай
білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет