3.1. Педагогикалық технологияның даму генезисі Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, əдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады. Технологиялардың пайда болуы ең алдымен əртүрлі теориялық жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл əлемдік танымал ォПедагогикалық поэмасындаサ: ォБіздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, əрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық үдеріс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығаруサ, – деген. Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, оның пікірінше, оқыту ォтехнологиялықサ болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда ォбілім берудегі технологияサ термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды. 60-шы жылдарда америкалық жəне батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты ォоқу үдерісінде межеленген білім нəтижесіне қалай жетуге боладыサ – деген мағынасын беретін ォпедагогикалық технологияサ термині пайда болды. Ал дидактикалық 36 37 технологияның мəселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нəтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни, кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру əдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын əлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мəні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мəселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген түсініктен бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған. М. П. Сибирская бойынша ォəдістемеサ мен ォтехнологияныңサ салыстырмалы сипаттамасын қарастырады. Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту əдістемесі жəне тəрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер ォəдістемеサ ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың əдістері жəне тəсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-əрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі. Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың əдіс, құрал жəне түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді əдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сəйкес іріктей білу мұғалімнің