Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет119/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   189
Үрдісуалдық 
жағына – программалау 
концепциясы, 
проблемалық, интербелсенді оқыту, т.б.
Мотивациялық – оқу барысын мотивациялық қамтамасыз ету 
концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық  педагогика  идеялары, 
педагогикалық  еңбектестік  концепциясы,  оқу  пəніне  «шолу» 
(М.П.Щетини), 
орталықтандырылған 
(концентрированные) 
оқыту,  т.б.  Осы  концепциялардың  бəрі  өз  кезегінде  технологиямен 
қамтамасыз  етіледі.  Мысалы,  прблемалық  оқыту  концепциясы: 
проблемалы-сұхбатасып 
оқыту, 
проблемалы-тапсырмалық, 
проблемалы-алгоритмдік,  проблемалы-контекстік,  проблемалы-
модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Осы  концепцияны  жақтаушылардың  ойынша,  осындай 
ситуацияның жиі қолданылатыны жəне ыңғайлы түрі оқу ойындары 
болып  табылады.  М.  В.  Кларин,  Ю.  С.  Тюнников  жəне  басқалар 
ойындардың  білім  беру  мүмкіндіктерін  зерттеген:  ойындар 
педагогикада  оқытудың  (білім,  білік,  дағды)  қоданылуын,  жаттығу 
мен өңделуін, əркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі əртүрлі 
оқушыларды  ойынға  тең  дəрежеде  қатыстыру  нəтижелерін 
көрсететін  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  ойындарда  барынша 
эмоциялық-тұлғалық  əсер  ету,  коммуникативті  біліктілік  пен
дағдыны  қалыптастыру,  қарым-қатынас  құндылығы  сияқты 


196
197
мүмкіндіктер  бар.  Сондықтан  оқу  ойындарын  қолдану  мектеп 
оқушыларының  жеке  жəне  тұлғалық  сапаларын  тəрбиелеуге 
қолайлы.
ИОТ-сын  қолданатын  оқыту  үдерісінің  құрылымында  мына 
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау.  Ойынға  қатысушылар  мен  эксперттерді  дайындау 
кезеңі.  Мұғалім  жұмыс  тəртібін  ұсынады,  оқушылармен  бірге 
сабақтың  басты  мақсаты  мен  тапсырмаларын  жасайды,  оқу 
проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты  өткізуге  дайындық.  Бұл  ситуация,  нұсқаулар, 
қойылымдар  мен  басқа  да  материалдарды  оқыту    кезеңі.  Мұғалім 
сценарий  жасайды,  ойын  тапсырмаларына,  ережесіне,  рөлдерге, 
ойын  бөлімдеріне,  ұпай  санау  тəртібіне  (ойын  таблосы  құрылады) 
тоқталады.  Оқушылар  қосымша  ақпарат  жинайды,  мұғаліммен 
ақылдасады, ойын барысы жəне мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады. 
Ойын  басталғаннан  кейін  ешкімнің  оған  араласуға  жəне  бағытын 
өзгертуге  хақысы  жоқ.  Тек  жүргізуші  ғана  қатысушының  əрекетін 
бағыттап  отырады,  егер  ол  бастапқы  мақсаттан  ауытқып  бара 
жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған 
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын əрекеттерін, 
нəтижелерін,  ұпай  санауды  бақылау  жəне  түсініспеушілік  болған 
жағдайда  түсіндіру,  оқушылардың  сұрағына  жауап  беру  немесе 
өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу. 
Ойынды  талқылау.  Ойын  нəтижесін  талдау,  талқылау  жəне 
бағалау  кезеңі.  Мұғалім  талқылау  жүргізеді,  оның  барысында 
эксперттер  сөйлейді,  қатысушылар  өз  пікірлерін  айтады,  өз  по-
зицияларын  жəне  шешімдерін  қорғайды,  қорытынды  жасайды, 
таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, 
идеясы туралы əңгімелейді.
Оқытудың  теледидарлық  құралдарына  кабельдік  немесе 
спутниктік    теледидардың  көмегімен    ұжыммен    немесе  жеке 
қолданатын    бейне  лекциялар,  сондай-ақ  интербелсенді  режимдегі 
теледидар сабақтары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет