Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет61/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189
Қарама-қарсы сұрақ қою. Жұмыс соңында мұғалім мəтіндегі 
тірек сөздермен жұмыстың нəтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұрақ-
жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы 
əрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін 
дұрыс  жолға  қою  мақсатында  тақырып  бойынша  сұрақтар  қояды. 
Мұғалім  осы  аталған  карта  бойынша  оқыту  сапасының  ең  негізгі 
ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сынып-
пен  жұмыс  жасауда  анықталған  ақпарат  көлемін  нақтылы  өңдеу 
білігі. – сапа құрылуы – сол жəне басқа да тақырып негізінде жатқан 
нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау 
білігі. – оқытудағы синергизм – сынып оқуға ену барысында жəне 
білімді  алу  нəтижесінде  ақпараттарды  өңдейтін  жүйе – үдеріскер, 
бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны 
алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, əсерлі бөлшектеп пайдалануға 
мүмкіндік береді. Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсен-
діру  қажет:  ұсынылып  отырған  білімнің  барлығын  бірдей  бір 
оқушының  меңгеруі  мүмкін  емес,  бірақ  жалпы  сынып  болып 
біріккен жағдайда берілген жүктемені əрбірі теңдей етіп бөліп алу 
барысында  білімнің  үлкен  көлемін  меңгеруге  жəне  денсаулық  пен 
танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет