Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Ынтымақтастық педагогикасы



Pdf көрінісі
бет94/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189
10.2. Ынтымақтастық педагогикасы
 К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой, С. Т. Шацкий, 
В.  А.  Сухомлинский,  А.  С.  Макаренко,  Ж.  Ж.  Руссо,  Я.  Корчак, 
К.  Роджерс,  Э.  Берн  идеяларының  негізінде  ынтымақтастық 
педагогикасы туындады.
Ынтымақтастық  педагогикасының  3  мақсаттық  бағыты 
анықталған:
1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа 
көшу.
2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.
3. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Ынтымақтастық  қарым-қатынас  жүйесінде  негізгі  орынды 
«мұғалім – оқушы»  алады.  Мұғалім – оқушы,  оқушы – мұғалім, 
оқушы – оқушы.  Оқушы  да  субъект,  мұғалім  де  субъект.  Ендеше 
бұл  екі  субъект  бірге  əрекет  етіп  ешқайсысы  бір-бірінің  үстінен 
қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1.  Балаға  ізгілік    тұлға  тұрғысынан  қарау.  Мектептің  білім 
беру  жүйесінің  орталығына  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерін 
дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық жəне азат 
дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тəрбие 
үдерісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық 
қарым-қатынастың  ізгіліктілігі  жəне  жариялылығы  нəтиже 
бермейтін əдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын 
қалыптастыру,  ізгілік,  жеке  тұлға  тұрғысынан  қарау  идеяларын 
біріктіреді. 
2.  Дидактикалық  белсенді  жəне  дамытушы  кешен.  Бала-
ны  «қалай»  жəне  «неге»  оқыту  керек  деген  сұрақтардың  жаңа 
мүмкіншіліктері  ашылады.  Оқу  мазмұны  жеке  тұлғаны  дамы-


144
145
ту  құралы  ретінде  қарастырады.  Оқыту  қорытылған  білім-білік 
дағдылары  жəне  ойлау  қабілеті  бойынша  жүргізеді.  Интеграция 
вариативтілік жағымды жағдай тудырады. 
3.  Оқу  үдерісін  формасы  мен  əдістерін  жетілдіру  бірқатар 
педагог  жаңашылдардың  авторлық  жүйелерінде,  атап  айтқанда, 
В.  Ф.  Шаталовтың  тірек  сигналдары,  Р.  Штейнердің  азат 
таңдау  идеясы,  С.  Н.  Лысенкованың  алдын  ала  тапсырма  беру, 
П.  М.  Эрдниевтің  ірі  блоктар  идеясы,  В.  А.  Сухомлинскийдің 
сыныптағы  зияттық  фоны,  Л.  В.  Занков  бойынша  жеке  тұлғаны 
дамыту,  И.  П.  Волковтың  шығармашылық  жəне  орындаушылық 
қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
4.  Тəрбие  тұжырымдамасы.  Ынтымақтастық  педагогикасының 
тұжырымдамасы  қазіргі  заман  мектептеріндегі  тəрбиенің  дамуына 
сəйкес:  білім  мектебін  тəрбие  мектебіне  айналдыру,  оқушының 
жеке  тұлғасын  тəрбие  жүйесінің  орталығына  қою,  жалпыадамдық 
құндылықтарды қалыптастыру, тəрбиенің ізгілік бағыттары, баланың 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  ұлттық  мəдени  дəстүрлерді 
жаңғырту, жеке тұлғалық жəне ұжымдық тəрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық  педагогикасының  технологиясы  мен  идеоло-
гиясы білім беру мазмұнын айқындайды.
5.  Қоршаған  ортаны  педагогикаландыру.  Ынтымақтастық 
педагогикасы  тəрбие  құралы  ретінде  мектепті  басты  рөлге  қойып 
отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын əлеуметтік институтқа мектеп, 
жанұя жəне əлеуметтік орта жатады. Нəтижесі тəрбие беретін осы үш 
бастаудың əрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға 
құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған.
В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын 
айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе 
жатқан  тұлғаның  адамгершілік  жəне  шығармашылық  қасиеттерін 
тəрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс жəне мектептің жалпы 
тұтас  педагогикалық  үдерісінде  ынтымақтастық  орнатудың  жаңа 
əдістемесін жасады. В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет