Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі



Pdf көрінісі
бет159/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Мемлекеттік 



мекеменің кассасынан 

есеп беру сомасының 

берілуі

1261 Есеп беретін сомалар 

бойынша қызметкерлердің 

қысқа мерзімді дебиторлық 

берешегі


1010 Кассадағы ақша 

қаражаты


2

Шығындалған есеп 

берiлетiн сомалар 

туралы аванстық 

есептеменi ұсыну 

(қорларды сатып алу)



1310 Материалдар

1340 Тауарлар

1261 Есеп беретін 

сомалар бойынша 

қызметкерлердің 

қысқа мерзімді 

дебиторлық берешегі



175

8.1-кестенің жалғасы

3

Жетіспеушілікті кінəлі 



тұлғаның есебінен 

өндіруді есепке алу 



1262 Қызметкерлердің 

өзге есеп айырысу түрлері 

бойынша қысқа мерзімді 

дебиторлық берешегі 



6360 Өзге кірістер

Кінəлі тұлғаның 

есебінен өндірілетін  

бюджетке тиесілі  

жетіспеушілік 

сомасына бір уақытта 

екінші жазу беру

7120 Бюджетке төленетін 

төлем бойынша шығыстар



3133 Өзге 

операциялар бойынша 

бюджет алдындағы 

қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

4

Кінəлі тұлғадан  



жетіспеушілік 

сомасының түсуі жəне 

бюджет алдындағы 

міндеттемелердің 

өтелуі

1010 Кассадағы ақша 

қаражаты


1262 Қызметкерлердің 

өзге есеп айырысу 

түрлері бойынша 

қысқа мерзімді 

дебиторлық берешегі

3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек



1010 Кассадағы ақша 

қаражаты


5

Бюджет алдындағы 

міндеттемелердің 

кінəлі тұлғадан 

жетіспеушілік 

сомасының өндіріп 

алу есебінен өтелуі

3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек



1262 Қызметкерлердің 

өзге есеп айырысу 

түрлері бойынша 

қысқа мерзімді 

дебиторлық берешегі

Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванс қалдығын қайтару теңгемен 

қолма-қол  ақшамен  жүзеге  асырылады,  есеп  беретін  жауапты  тұлғаның             

тиынмен қайтарылмаған сома қалдығы соманы кейіннен есепке беру кезінде 

ескеріледі.  Есепке  берілетін  соманың  жұмсалуы  туралы  аванстық  есептерді 

белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванс қалдықтарын 

кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы-

ның  қолданыстағы  еңбек  заңнамасында  белгіленген  талаптарды  сақтай  оты-

рып аванстарды алған тұлғалардың еңбекақыларынан осы берешекті ұстауды 

жүргізуге құқығы бар.

Түгендеу  барысында  анықталған  ұзақ  мерзімді  активтердің,  қорлардың 

жəне басқа активтердің жетіспеушілігі кінəлі тұлғалар есебінен өтеледі жəне 

есепке алуда корреспонденциялармен көрсетіледі:

•  осы 


мемлекеттік 

мекеменің 

қызметкерлері 

жол 


берген 

жетіспеушіліктерді анықтаған кезде 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айыры-




176

су түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының 

дебеті  немесе  өзге  тұлғалар  жол  берген  жетіспеушіліктерді  анықтаған  кезде 

1280 «Өзге  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешектер»  шотының  дебеті, 1300 

«Қорлар» шоты қосалқы шоттарының немесе 2300 «Негізгі құралдар» шоты  

қосалқы шоттарының кредиті;

Кінəлі тұлға есебінен жетіспеушілікті есептен шығару: 

• 1262 «Қызметкерлердің  өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойынша 

қысқамерзімді  дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6330 

«Өтеусіз  түрде  алынған  активтерден  алынатын  кірістер»  шотының  кредиті 

жəне  бір  мезгілде: 7120 «Бюджетке  төленетін  төлем  бойынша  шығыстар» 

шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы 

қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

•  мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі:

1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты»  шотының  дебеті  жəне 1262 

«Қызметкерлердің  өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойынша  қысқа  мерзімді 

дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  кредиті,  бір  мезгілде: 3133 «Өзге 

операциялар  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді  кредиторлық  бе-

решек»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты» 

шотының кредиті;

•  бюджет  кірісіне  ақша  қаражатының  түсуі: 3133 «Өзге  операциялар 

бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы 

шотының дебеті жəне 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бо-

йынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті. 

Еңбекақыны  есептеу  айына  бір  рет  жүргізіледі  жəне  айдың  соңғы  күні 

есепте көрсетіледі.

Мемлекеттік  мекемелердің  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы  №220  қаулысымен   

бекітілген  Бюджеттің  атқарылуы  жəне  оған  кассалық  қызмет  көрсету 

ережесінде анықталған тəртіппен жүргізіледі.

Айдың  бірінші  жартысына  қызметкерлерге  еңбекақысының 50%-ы 

мөлшерінде  аванс  берілуі  мүмкін,  бұл  сомадан  Қазақстан  Республикасының 

салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы 

алынып тасталады.

Есептелген  еңбекақы  сомасына 3241 «Еңбекақы  төлеу  бойынша 

қызметкерлерге  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы  шотының 

кредитіне жəне 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012 

«Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі [8.2-кесте].

Есептелген  еңбекақы  сомасына 3241 «Еңбекақы  төлеу  бойынша 

қызметкерлерге  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы  шотының 

кредитіне жəне 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012 

«Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.




177

8.2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет