178
8.2-кестенің жалғасы
7
Уақытша еңбекке
жарамсыздық жөнiндегi
жəрдемақыларды
есептеу сомасына
əлеуметтік салық
бойынша берешектін
азаюы
3122 Əлеуметтік
салық бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек
3244 Уақытша еңбекке
жарамсыздығы бойынша
əлеуметтік жəрдемақы
бойынша қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
Төленген еңбекақы сомасы 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне жəне 1010
«Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредитіне, 1080 «Республикалық бюд-
жеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша
жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған
жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоты
қосалқы шотының кредитіне жазылады.
Белгіленген мерзімде алынбаған еңбекақы сомасы 3243 «Депоненттелген
сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы
шотының кредитіне жəне 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне жазылады
[8.3-кесте].
8.3-кесте
Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
№
Операция мазмұны
Дт
Кт
1
Мерзiмiнде алынбаған
жалақыларды жəне
шəкірт ақыларды
депоненттердiң шотына
аудару
3241 Еңбекақы төлеу
бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
3230 Стипендианттарға
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
3243 Депоненттелген
сома бойынша
қызметкерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық
берешек
2
Депоненттерге тиесiлі
соманы мемлекеттік
мекеменің кассасынан
төлеу
3243 Депоненттелген сома
бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
1010 Кассадағы ақша
қаражаты
3
Қуыну мерзiмi өткен
депоненттік берешек
бойынша кірісті есепке
алу
3243 Депоненттелген сома
бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
6360 Өзге кірістер
179
Белгіленген мерзімде алынбаған еңбекақы сомасы 3243 «Депоненттелген
сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы
шотының кредитіне жəне 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне жазылады.
Депонентке берілген еңбекақы сомасына 3243 «Депоненттелген сома бо-
йынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты
дебеттеледі жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоты, 1080 «Республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бо-
йынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға
арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы
қызметтер ҚБШ» шотының қосалқы шоты кредиттеледі.
Талап ету мерзімі өткеннен соң депоненттік берешектің талап етілмеген
сомасы есептеулердің түгендеу актісінің, актіге анықтаманың жəне түгендеу
комиссиясы Хаттамасының негізінде өзге кірістер ретінде тануға жатады жəне
есепке алуда 3243 «Депоненттелген сома бойынша қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге
кірістер» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасының жəне Қазақстан Респуб-
ликасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына
сəйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қызметшілердің жалақысынан
мынадай есептеулер мен ұстап қалуларды жүргізеді:
–
жеке табыс салығын есептеу мынадай тізбекпен көрсетіледі:
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3121 «Жеке табыс
салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредиті;
–
міндетті зейнетақы жарналары: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебеті жəне 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бо-
йынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме қызметкердің жазбаша өтініші негізінде, кейіннен
мақсатына сай аудара отырып қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан
мынадай ұстап қалуларды жүзеге асырады:
–
мүшелік кəсіподақ жарналарын төлеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойын-
ша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебеті жəне 3245 «Кəсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес ау-
дарымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредиті;
–
банктерге салымдар бойынша шоттарға: 3241 «Еңбекақы төлеу бойын-
180
ша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебеті жəне 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған
қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
–
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуге: 3241
«Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-
решек» қосалқы шотының дебеті жəне 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
Қазақстан
Республикасының
банктік
заңнамасында
белгіленген
тəртіппен банктен алынған несиені өтеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебеті жəне 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
қосалқы шотының кредиті.
Ұстап қалулар сомасын аудару 3121 «Жеке табыс салығы бойын-
ша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3142 «Жинақтау зейнетақы
қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек», 3245 «Кəсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес
аударымдарбойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3247 «Бан-
ктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қолақшасыз ауда-
рымдар бойынша қызметкерлерге қысқамерзімді кредиторлық берешек»
немесе 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
тиісті қосалқы шотының дебеті бойынша жəне 1040 «Түсімдер мен есеп
айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ», 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Атқару парақтары мен басқа құжаттар бойынша жалақыдан ұсталған сома
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» қосалқы шотының дебетіне жəне 3242 «Атқару құжаттары бойын-
ша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредитіне жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: