181
ҚБШ», 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына
сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің
міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы
шоты кредиттеледі.
Мемлекеттік
мекеме
есеп
кезеңінің
аяғында
қызметкерлердің
пайдаланылмаған демалыстары бойынша резервті таниды.
2013 жылғы қаржылық есептілікте өткен кезеңдердегі пайдаланылмаған
демалыстар бойынша көшу күніне (2013 жылдың 1 қаңтары) дейінгі
міндеттемелер сомасына өткен жылдардың қаржылық нəтижесіне (5220-шот)
жатқыза отырып, резерв құрылады, 2013 жылғы пайдаланылмаған демалыс-
тар бойынша міндеттемелер сомасына есепті кезеңнің қаржылық нəтижесіне
(5210-шот) жатқыза отырып, резерв құрылады.
Резерв мөлшері ағымдағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін демалысақының сомасы қайта
есептеу жолымен анықталады.
Демалыстар бойынша резервті есептеудің сомасына 3246 «Пайдаланылма-
ған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бере-
шек» қосалқы шотының кредитіне жəне 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған
шығыстар» шотының дебетіне жазба жүргізіледі [8.4-кесте]
.
8.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: