Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы танылуы



Pdf көрінісі
бет215/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

11.1. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы танылуы 

жəне  есепке алуын ұйымдастыру

Жалға беру төлемдерін алу немесе капитал құнын өсіру мақсатында иелік-

тегі  (қаржылық  жалдау  шарты  бойынша  жалға  алушының  немесе  меншік 

иесінің иелігіндегі) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат немесе ғимарат 

бөлігі) инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады, бірақ: өндірісте 

немесе  тауарларды  жеткізуде,  қызмет  көрсетуде,  əкімшілік  мақсаттарға 

қолдану үшін емес;  қалыпты шаруашылық қызметі барысында сату үшін. 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  ретінде  оларды  жалға  тапсырудан 

кіріс алуға арналған  нысандар (ғимарат, жер немесе олардың бір бөлігі) та-

нылады.


Мыналар инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады:

 

– қысқа  мерзімнен  кейін  сату  үшін емес, ұзақ мерзімді перспективада 



капиталдың өсімін алуға арналған жер; 

 

– əрі қарай қолданылуы қазіргі уақытта əлі анықталмаған жер;



 

– мемлекеттік мекемеге тиесілі (қаржылық жалдау шарты бойынша оның 

иелігіндегі) жəне шарт бойынша операциялық жалға берілген ғимарат;

 

– бос немесе, бірақ сыртқы тараптарға операциялық жалға беруге арналған 



ғимарат.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік баптары болып табылмайтын мына-

лар:

 

– қалыпты  қызмет  барысында  сатуға  арналған  немесе  салу-сату 




251

үдерісіндегі  сату  мақсатында  қайта  жөндеудегі  жылжымайтын  мүлік  қорлар 

ретінде қарастырылады;

 

– мемлекеттік  мекеме  тапсырысы  бойынша  үшінші  тұлғалар  салатын 



немесе  қайта  жөндейтін  жылжымайтын  мүлік  құрылысқа  шарттар  ретінде 

қарастырылады;

 

– тек қызметтік қолданыста қолданылатын жылжымайтын мүлік (меншік 



иесі алып отырған);

 

– құрылыс жұмыстары аяқталған сəтке дейін инвестициялық жылжымай-



тын  мүлік  ретінде  болашақта  қолдану  үшін  салынып  жатқан  немесе  қайта 

жаңартылып жатқан жылжымайтын мүлік.

 

– Мұндай  жұмыстар  аяқталғаннан  кейін  бұл  жылжымайтын  мүлік 



инвестициялық жылжымайтын мүлік болып танылады;

 

– əлеуметтік қызмет көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік;



 

– стратегиялық  мақсаттарға  арналған  жылжымайтын  мүлік,  оның  есебі 

осы «Негізгі құралдарды есепке алу тəртібі» бөліміне сəйкес жүргізіледі.

Егер нысанның бір бөлігі жалдау ақысын немесе капитал өсімін алу үшін, 

ал басқа бөлігі – əкімшілік мақсаттар үшін қолданылса əрі нысанныңосындай 

бөліктері  бір-біріне  қатыссыз  сатылса  (немесе  бір-біріне  қатысты  емес 

қаржылық  жалдауға  берілсе),  мемлекеттік  мекеме  нысанның  көрсетілген 

бөліктерін жеке ескереді. Егер нысанның бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, 

егер  бұл  нысанның  елеусіз  бөлігі  əкімшілік  мақсаттар  үшін  қолданылса,  тек 

сол жағдайда нысан инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты 

ресімдеуді  жəне  инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  түсімін  есепке  алу 

тізілімінде уақытылы көрсетуді, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде 

қайта  жіктелген  немесе  негізгі  құралдардың  нысандарына  қайта  жіктелген 

жылжымайтын  мүліктің  ауыстырылуын  қамтамасыз  етуді  төмендегі  сызбаға 

сəйкес қамсыздандыруы тиіс [11.1-сызба]. 

Мемлекеттік мекеменің инвестициялық жылжымайтын мүлігін есепке алу 

үшін мынадай шоттар арналған:

2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;

2520 «Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  жинақталған  аморти-

зациясы  мен  құнсыздануы».  Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  мына-

дай:  инвестициялық  жылжымайтын  мүлікке  байланысты  мемлекеттік  ме-

кемеге  болашақ  экономикалық  пайдалар  мен  қызметтер  əлеуеті  түсімінің 

ықтималдығы  болғанда  жəне  іс  жүзіндегі  шығындар  немесе  инвестициялық 

жылжымайтын мүліктің əділ құны сенімді өлшенсе, актив деп танылады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік алғаш танылғанда өзіндік құны бо-

йынша, яғни іс жүзіндегі шығындары бойынша бағаланады. Инвестициялық 

жылжымайтын  мүліктің  өзіндік  құны  сатып  алу  бағасын  жəне  оған 

жатқызылатын  тікелей  шығындарды  қамтиды.  Бұл  ретте  тікелей  шығындар, 

мысалы:  кəсіби  заңды  қызметтердің  құнын,  мүлікті  тапсыруға  салықтарды 




252

жəне  басқа  операциялық  шығындарды  қамтиды.  Өз  күшімен  салынған 

инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  өзіндік  құны  құрылыс  немесе  қайта 

жаңарту аяқталған күнге өзіндік құн болып табылады.



11.1-cызба 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет