Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің келесі бағалануы



Pdf көрінісі
бет218/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   481
11.2. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің келесі бағалануы 

жəне есебі

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті келесі есепке алу үшін мемлекеттік 

мекеме  іс  жүзіндегі  шығындар  бойынша  есепке  алу  моделін  немесе  қайта  

бағалау  бойынша есепке  алу  моделін қолданады жəне инвестициялық жыл-

жымайтын мүліктің барлық сыныбына осы модельді қолданады [11.2-кесте]. 

11.2-сызба 

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті өзіндік құн бойынша 

бағалануының сызбасы:

Ԧɡɿɧɞɿɤ ԕԝɧɵ 

ɛɨɣɵɧɲɚ

ɇɚԕɬɵ ɲɵԑɵɧɞɚɪ 

ɛɨɣɵɧɲɚ ɟɫɟɩ 

ɦɨɞɟɥɿ 

Ԕԝɧɵɧɵԙ ԕɚɣɬɚ 

ɛɚԑɚɥɚɧɭɵ ɛɨɣɵɧɲɚ 

ɟɫɟɩ ɦɨɞɟɥɿ 

ɂɧɜɟɫɬɢɰɢɹɥɵԕ 

ɠɵɥɠɵɦɚɣɬɵɧ 

ɦԛɥɿɤ 



255

Іс  жүзіндегі  шығындар  бойынша  есепке  алу  моделі:  актив  ретінде 

танылғаннан  кейін  инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  объектісін  есеп-

ке  алу  кез  келген  жинақталған  амортизация  мен  шығындардың  құнсыздану 

нəтижесінде жинақталған кез келген  амортизацияны  алып тастағанда оның 

өзіндік  құны  бойынша  жүргізіледі  (Іс  жүзіндегі  шығындар  бойынша  есеп-

ке  алу  моделін  қолдану  «Негізгі  құралдарды  есепке  алу  тəртібі»  бөлімінің 

ережелеріне ұқсас). 

Қайта бағалау бойынша есеп моделі: актив ретінде танылғаннан кейін əділ 

құны  сенімді  өлшене  алатын  инвестициялық  жылжымайтын  мүлікті  есеп-

ке  алу  кез  келген  жинақталған  амортизация  мен  құнсыздану  нəтижесінде 

жинақталған  кез  келген  келесі  шығындарды  алып  тастағанда,  қайта  бағалау 

мерзіміндегі əділ құнды білдіретін, қайта бағаланған құн бойынша жүргізіледі. 

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті қайта бағалау мемлекеттік мекеменің 

негізгі құралдарын қайта бағалауға ұқсас жүргізіледі.

Əділ құн бойынша есепке алу моделі инвестициялық жылжымайтын мүлік-

тің барлық нысандары алғаш танылғаннан кейін салыстырмалы нарықтық опе-

рациялар жиі жүзеге аспаған жəне əділ құнның баламалы бағалануы болмаған 

кезде,  əділ  құнды  анықтау  мүмкін  болмаған  жағдайды  қоспағанда  əділ  құн 

бойынша  бағаланады  (мысалы,  ақша  қаражатының  дисконтталған  ағындары 

болжауларының  негізінде).  Бұл  жағдайда  мемлекеттік  мекеме  іс  жүзіндегі 

шығындар бойынша есепке алу моделін қолданады жəне инвестициялық жыл-

жымайтын мүлік шығып қалғанға дейін немесе ол ұзақ мерзімді активтердің 

басқа санатына ауысқан сəтке дейін (қайта жіктеу) «Негізгі құралдарды есепке 

алу тəртібі» бөлімінің ережелерін қолданады.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің əділ бағасының өзгеруінен кірісті 

немесе  шығысты  олар  туындаған  кезеңнің  кірістерінде  не  шығыстарында 

таныған жөн:

 

– қайта  бағалау  нəтижесінде  активтер  сыныбының  баланстық  құнының 



өсуі 2510 «Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік»  шотының  дебеті  жəне 

6310 «Əділ  құнның  өзгеруінен  түсетін  кірістер»  шотының  кредиті  бойынша 

көрсетіледі;

 

– инвестициялық жылжымайтын мүлік құнының азаюы 7410 «Əділ құны-



ның өзгеруі бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 2510 «Инвестициялық 

жылжымайтын мүлік» шотының кредиті бойынша көрсетіледі [11.2-кесте].



11.2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет