Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің түрлері



Pdf көрінісі
бет216/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   481
Инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің түрлері

ɒɨɬɬɚɪ 

Ȼɚɫɬɚɩԕɵ ɬɚɧɭ 

Ʉɟɥɟɫɿ ɟɫɟɩ 

Ʉɟɥɟɫɿ ɛɚԑɚɥɚɭ 

ɇɚԕɬɵ ɲɵԑɵɧɞɚɪ 

ɛɨɣɵɧɲɚ ɟɫɟɩ ɦɨɞɟɥɿ 

Ԕɚɣɬɚ ɛɚԑɚɥɚɭ ɛɨɣɵɧɲɚ 

ɟɫɟɩ ɦɨɞɟɥɿ 

Ɍɚɧɭɞɵ ɬɨԕɬɚɬɭ 

Ɋɟɤɥɚɫɢɮɢɤɚɰɢɹ 

Ⱥɧɵԕɬɚɦɚɥɚɪ 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  құрылысы  немесе  оны  қайта 

жаңарту кезеңінде есепке алу тəртібі «Негізгі құралдарды есепке алу  тəртібі» 

бөліміне  сəйкес  жүргізіледі.  Жұмыстың    аяқталу  күніне  осы  қолданылады. 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  құны:  алғашқы  шығындар  сома-

сына  (жылжымайтын  мүлікті  оның  мақсатты  функцияларына  сəйкес  жұмыс 

істеу  жағдайына  келтіру  үшін  қажет  осындай  шығындарды  қоспағанда); 

инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  жұмыспен  қамтудың  жоспарланған 

деңгейіне  қол  жеткізген  сəтіне  дейін  тартқан  бастапқы  шығыстар  сомасы-

на  немесе  жылжымайтын  мүлікті  салу  немесе  қайта  жаңарту  кезінде  жүзеге 

асырылған  материалдардың,  еңбектің  немесе  өзге  ресурстардың  нормадан 

тыс  шығындарының  сомасына  арттырылады.  Егер  актив  айырбасталмайтын 

операция  жолымен  немесе  атаулы  құны  бойынша  немесе  мүлікті  тəркілеу 

өкілеттіктерін  қолдану  арқылы  сатып  алынса,  сатып  алу  күніндегі  əділ  құн 

оның құны болып табылады. Жалға ұсталатын  инвестициялық жылжымайтын 

мүліктің  алғашқы  құны  осы  «Жалдауды  есепке  алу  тəртібі»  бөлімінде,  яғни  

жылжымайтын мүліктің əділ құнынан ең азы бойынша немесе ең төмен жал-

дау  төлемдерінің  дисконтталған  құнынан  ең  азы  бойынша  анықталады,  бұл 

ретте балама сома міндетті болып тартылады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алу шоттардың мынадай кор-

респонденциясымен көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» 

шотының дебеті жəне 3210  «Жеткізушілерге  жəне мердігерлерге қысқа мерзімді 




253

кредиторлық берешек» шотының кредиті. Қолдануға қабылданған көтерілген 

ғимараттар немесе құрылыстар немесе инвестициялық жылжымайтын мүлікті 

тану  өлшемдеріне  жауап  беретін,  қайта  жөндеуден  кейінгі  ғимараттар  мен 

құрылыстар, сондай-ақ «Негізгі құралдар» санатынан «Инвестициялық жыл-

жымайтын мүлік» санатына ауыстыру кезінде мынадай тізбек жүзеге асырыла-

ды: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті жəне 2310 

«Жер» шотының немесе 2320 «Ғимараттар» шоты қосалқы шотының кредиті 

[11.1-кесте].

11.1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет