Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАҚЫРЫП  БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ



Pdf көрінісі
бет232/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

12-ТАҚЫРЫП 

БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ

Жоспар

12.1  Биологиялық  активтерді  бастапқы  тану  жəне  есепке  алуын 

ұйымдастыру 

12.2  Биологиялық активтердің келесі бағалануы мен есебі

12.3 Биологиялық активтердің қаржылық есептілікте ашылуы

Осы тақырыпта мынадай ұғымдар қолданылады:

Ауылшаруашылық қызметі, биологиялық актив. 



12.1. Биологиялық активтерді бастапқы тану жəне есепке алуын 

ұйымдастыру

Биологиялық активтерге мыналар жатады – малдар немесе өсімдіктер.

Ауылшаруашылық  қызметі  əртүрлі  қызмет  түрлерін  қамтиды:  мал 

шаруашылығы, орман шаруашылығы, біржылдық не көпжылдық дақылдарды 

өсіру, бақтар мен плантацияларды өсіру, гүл шаруашылығы жəне аквамəдениет 

(балық шаруашылығын қоса алғанда).

Мынадай  сипаттамалар  ауылшаруашылық  қызметінің  барлық  түрлеріне 

тəн:


 

– биологиялық активтер биоөзгеруге қабілетті болуы тиіс;

 

– ауылшаруашылық қызметі басқарылуы тиіс;



 

– биоөзгеруден болатын сандық жəне сапалық өзгерістер үнемі зерттеліп 

отырады жəне ауылшаруашылық қызметін басқару үрдісінің бір бөлігі ретінде 

өлшенеді (мысалы, жеміс пен жидектің пісу барысындағы сапалық өзгерістерді 

не олардың мөлшері мен салмағын – сандық өзгерістерді бақылап отыру).

Нəтижесінде  биоөзгеру  активтердің  дамуына  (жануарлардың  не 

өсімдіктердің  санының  артуы  немесе  олардың  сапалық  сипаттамаларының 

жақсаруы),  мал  не  өсімдік  тұқымының  азуы  немесе  олардың  сапалық 

сипаттамасының  нашарлауына  немесе  молаю  (қосымша  биологиялық 

активтердің пайда болуы) өзгеруіне немесе латекс, шай жапырағы, жүн жəне 

сүт, мақта сияқты жəне басқа өнімді өңдіруге əкеледі. 

«Негізгі  құралдарды  есепке  алу  тəртібі»  жəне  «Инвестициялық  жылжы-

майтын мүлікті есепке алу тəртібі» бөлімдеріне сəйкес ескерілетін, «Қорларды 

есепке  алу  тəртібі»  бөліміне  сəйкес  жүзеге  асырылатын    ауылшаруашылық 

жерлерін,  ауылшаруашылықпен  байланысты  материалдық  емес  активтерді, 



266

ауылшаруашылық өнімдерін жинаудан кейін есепке алу үшін қолданылмайды.  

Биологиялық активтерді есепке алуға мынадай шоттар арналған:

2610 «Жануарлар»;

2620 «Көпжылдық екпелер»;

2630 «Биологиялық  активтердің  жинақталған  амортизациясы  мен 

құнсыздануы».

Биологиялық  актив  жəне  ауылшаруашылық  өнімі  оны  жинау  кезінде  тек 

мына жағдайларда танылады:

 

– актив өткен оқиғалар нəтижесінде қадағаланады;



 

– осы  активтен  болашақта  экономикалық  пайда  немесе  сервистік  əлеует 

алу ықтималдығы бар;

 

– активтің  əділ  немесе  өзіндік  құнын  жеткiлiктi  сенімділік  дəрежесімен 



есептеуге болады.

Ауылшаруашылық  қызметінде  бақылаудың  болу  дəлелі  ірі  қара  малға 

заңдық  меншіктік  құқықтың  болуы,  сатып  алу,  туылуы  немесе  ажырауы 

кезінде оны таңбалау немесе өзгеше белгілеу болып саналады.

Болашақ  экономикалық  пайда  негізгі  физикалық  өлшемдер  шамасына 

қарай бағаланады.   

Ауылшаруашылық  өніміне  алғашқы  тану  сəтінде  одан  жиналған 

биологиялық активке қолданған бағалау əдісін қолданған жөн [12.1-сызба]. 

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерді есепке алу тағайындалуына қарай 

«Негізгі құралдар» жəне «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» сəйкес жүзеге 

асырылады. 

12.1-сызба 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет