Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Биологиялықактивтер бойынша операциялар



Pdf көрінісі
бет235/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   481
Биологиялықактивтер бойынша операциялар



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Биологиялық активтерден 



алынған ауылшаруашылық 

өнімі


1300 Қорлар шотының 

тиісті қосалқы шоты 



2610 Жануарлар, 

2620 Көпжылдық 

екпелер


2

Жыл соңында мал 

өнімінің жəне малдың жас 

төлі салмағы құнының 

жоспарланған өзіндік 

құнына


2610 Жануарлар

2620 Көпжылдық 

екпелер немесе,



7460 Өзге шығыстар

6360 Өзге кірістер

2610 Жануарлар, 

2620 Көпжылдық 

екпелер


3

Жемдеу аяқталғаннан 

кейін сойылған малдардың 

құнына


7460 Өзге шығыстар

2610 Жануарлар

4

Алынған өнімнің құнына 



акті негізінде

1330 Дайын өнім

6360 Өзге кірістер

Материалдық  жауапты  тұлғаның  кінəсі  бойынша  жануарлардың  өлімі 

болған  жағдайда  шарушылыққа  келтірілген  залал  заңнамада  белгіленген 

тəртіпте кінəлі тұлғалардан өндірілуі тиіс. 

Түгендеу барысында анықталған биологиялық активтердің жетіспеушілігін 

өндіріп алу кінəлі тұлғалар есебінен жүргізіледі. Залалды немесе жетіспеуші-

лікті  есепте  көрсету  «Дебиторлық  жəне  кредиторлық  берешекті  есепке  алу 

тəртібі» бөлімінде көрсетілген.

Мемлекеттік  мекемеге  жануарлар  мен  өсімдіктер  түскен  кезде  жəне 

ауысқанда тұрақты əрекет ететін комиссия екі данада Нысандар альбомының 

БА-1 «Биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдау – тапсыру (ауысты-

ру)  актісі»  нысанды  актісін,  Нысандар  альбомының  БА-1А  «Биологиялық 

активтерді    (өсімдіктерді)  қабылдау – тапсыру  (ауыстыру)  актісі»  нысанды 

актісін жасайды. Материалдық жауапты тұлға бас бухгалтерге қол қою үшін 

жəне  мемлекеттік  мекеме  басшысы  немесе  уəкілетті  тұлғалар  бекіту  үшін 



271

рəсімделген актіні қосымша құжаттарымен бірге бухгалтерлік қызметке тап-

сырады. 

Барлық  биологиялық  активтер  мемлекеттік  мекеме  басшысының 

бұйрығымен  тағайындалған  тұлғалардың  жауапты  сақталуында  болады. 

Жауапты  тұлғалар  биологиялық  активтердің  түгендеу  тізімдерін  Нысандар 

альбомының  «Мемлекеттік  мекемелерде  биологиялық  активтерді  (жануар-

ларды)  есепке  алудың  түгендеу  карточкасы», «Мемлекеттік  мекемелерде 

биологиялық  активтерді  (өсімдіктерді)  есепке  алудың  түгендеу  карточка-

сы»  БА-3  пен  БА-3А  нысаны  бойынша  нысан  бойынша  жүргізеді.  Жауапты 

тұлғалар сақталуын қадағалайды жəне барлық өзгерістердің есебін жүргізеді. 

Нысандар  альбомының  БА-3  жəне  БА-3А  нысанды  түгендеу  карточкала-

ры  Нысандар  альбомының  ОС-10  нысанды  мемлекеттік  мекемелердегі 

ұзақ  мерзімді  активтерді  есепке  алу  жөніндегі  түгендеу  карточкаларының 

тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жасалады. Ондағы жазба кар-

точкаларды  ашу  жылын  көрсете  отырып,  ұзақ  мерзімді  активтердің  топта-

ры  бөлінісінде  жүргізіледі.  Нөмірлеу 1-нөмірден  бастап  əрбір  топ  бойынша 

жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда əрбір қызмет көрсетілетін 

мемлекеттік мекеме бойынша сол тəртіппен жүргізіледі. Ұзақ мерзімді актив-

тер шығып қалған жəне ауысқан кезде тізімдеменің «Ескертпе» бағанында ме-

мориалды нөмірдің мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі. 

Түгендеу 

карточкалары 

бухгалтерлік 

қызмет 

картотекаларында 

сақталады,  онда  олар  өз  ішінде  материалдық  жауапты  тұлғалар  бойынша, 

орталықтандырылған  бухгалтерияларда – қосымша  қызмет  көрсетілетін 

мемлекеттік мекемелер бойынша да бола отырып, тиісті қосалқы шоттар мен 

топтар бойынша орналастырылады. 

Жауапты тұлға ауысқан кезде оның сақталуындағы биологиялық активтерді 

түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының БА-1 жəне БА-1А ны-

саны бойынша қабылдау-өткізу актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеменің 

басшысы бекітеді.  

Биологиялық  активтерді  есепке  алу  олардың  сақталу  орны  мен  жауапты 

тұлғалар бойынша түгендеу нысандары бөлінісінде жүргізіледі. 

Түгендеу 

карточкалары 

бухгалтерлік 

қызмет 


картотекаларында 

сақталады,  онда  олар  өз  ішінде  материалдық  жауапты  тұлғалар  бойынша, 

орталықтандырылған  бухгалтерияларда – қосымша  қызмет  көрсетілетін 

мемлекеттік мекемелер бойынша да бөла отырып, тиісті қосалқы шоттар мен 

топтар бойынша орналастырылады. 

Оның негізінде төлдеуден алынған  малдың жас төлі  кіріске  жазылатын 

құжат  төлдетуге  арналған  акт  болып  табылады,  оны  мемлекеттік  мекеменің 

тұрақты əрекет ететін комиссиясы жасайды.

Жануарлардың  жас  төлін  талдама  есепке  алу түрлері  мен  жастоптары 

бойынша, ал жемдеудегі жануарлар бойынша   тек түрлері бойынша Нысан-

дар альбомының 395 нысанды жануарларды есепке алу кітабында жүргізіледі. 



272

Деректерді есепке алу жануарлардың тірі салмағы, өсімі, салмақ өсімі туралы 

мəліметтерді алуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. 

Биологиялық  активтердің  шығып  қалуы  мен  есептен  шығуы  Нысандар 

альбомының  БА-2 «Биологиялық  активтерді  (жануарларды)  есептен  шығару 

актісі» жəне БА-2А «Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есептен шығару 

актісі» нысанын ресімдеумен жүзеге асырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет