12.3. Биологиялық активтердің қаржылық есептілікте ашылуы
121 «Биологиялық активтер» жолы бойынша биологиялық активтердің
жинақталған амортизацияны жəне биологиялық активтердің құнсыздануына
арналған резервті шегергендегі құны (122, 123-жолдарының сомасынан
124-жолды алып тасталып) көрсетіледі.
122 «Жануарлар» (2610) жолы бойынша өнімдік жəне асыл тұқымды қара
мал мен өнімдік жəне асыл тұқымды қара малдың төлінің құны көрсетіледі.
123 «Көпжылдық екпелер» (2620) жолы бойынша көпжылдық екпелердің
жəне жас екпелердің құны көрсетіледі.
124 «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы мен
құнсыздануы» (2630) жолы бойынша 125, 126-жолдардың сомасы көрсетіледі.
125 «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы» жолы бо-
йынша биологиялық активтердің жинақталған амортизациясының сомасы
көрсетіледі.
126 «Биологиялық активтердің құнсыздануына арналған резерв» жолы
бойынша биологиялық активтердің құнсыздануына арналған резерв сомасы
көрсетіледі.
«Биологиялық активтер» деген бап бойынша (1 «Бухгалтерлік баланс»
нысанының 117-жолы):
– биологиялық активтердің əрбір тобына сипаттама берілсін;
– ауылшаруашылық өнімдерінің, оларды алу (жинау) сəтіндегі əрбір
тобы мен биологиялық активтердің əрбір тобының əділ құнын анықтау үшін
пайдаланылған əдістер туралы ақпарат;
– іс жүзіндегі шығындар бойынша бағалау жағдайында түсімдер, аморти-
зация, құнсызданудан болған залал жəне өзге өзгерістері түсіндірме жазбаның
(«Түсіндірме жазба» 4-нысаны) 7-кестесіне сəйкес көрініс табатын есепті
кезеңнің басында жəне аяғында баланстық құн салыстырмалы ашылсын
[12.3-кесте].
273
12.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |