325
16.4 Активтерді басқарудан алынатын кірістер есебі
6200 «Активтерді басқарудан алынатын кірістер» шотының қосалқы шот-
тарында инвестиция объектісінің таза кірісінің бір бөлігінің түсімдерінен,
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерден түсетін кірістер жəне
заңды тұлғаларда қатысу үлестеріне кірістер, мүлікті жалдаудан түсетін
кірістер, берілген қарыздар бойынша сыйақылар көрсетіледі. Бюджеттік
бағдарламалардың əкімшісі дивидендтер мен аударымдарды есептеуді мына-
дай жазбамен көрсетеді: 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»
шотының дебеті жəне 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер»
шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша
шығыстар» дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті [16.5-кесте].
16.5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: