340
Ағымдағы жөндеуге: 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар»
шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті корреспонденция-
лары көрсетіледі. Ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша: 7110
«Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының
дебеті жəне ұзақмерзімді активтердің жиналған амортизациясы бойынша
тиісті қосалқы шоттың кредиті [17.3-кесте].
17.3-кесте
Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар
№
Операцияның
мазмұны
Дт
Кт
1
Ұзақ мерзімді
активтердің
амортизациясы бойынша
шығыстарды есепке алу
7110 Ұзақ мерзімді
активтердің
амортизациясы
бойынша шығыстар
2391 Негізгі құралдардың
жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық
жылжымайтын мүліктің
жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес
активтердің жинақталған
амортизациясы
2
Ақылы төлемдерден
түскен кірістердің
бюджетке тиесілі
шығыстарын есепке алу
7120 Бюджетке
төленетін төлем
бойынша шығыстар
3132 Тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтер)
өткізуден түсетін кіріс
бойынша бюджет алдындағы
қысқа мерзімді кредиторлық
берешек
3
Жал бойынша
шығыстарды есепке алу
7130 Жал бойынша
шығыстар
3260 Жал бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек
Бюджетпен есеп айырысу бойынша: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бо-
йынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша
бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредиті жəне жалдау бойынша: 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының
дебеті жəне 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
шотының кредиті жазылады.
17.3 Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар есебі
7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шот-
тарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы
мен жəрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі
[17.4-кесте].
341
17.4-кесте
Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар есебі
№
Операцияның
мазмұны
Дт
Кт
1
Төмен тұрған бюджет
есеп беру негізінде
трансферттерді есеп-
тен шығару
7210 Трансферттер
бойынша шығыстар
1211 Жеке тұлғаларға
трансферттер бойынша
қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
1212 Ағымдағы
нысаналы трансферттер
бойынша қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
1213 Нысаналы даму
трансферттері бойынша
қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
2
ЗТМО есеп беру
негізінде зейнетақы,
жəрдемақы үшін
шығыстарды есепке
алу
7220 Зейнетақы мен
жəрдемақы төлеу
бойынша шығыстар
1216 Зейнетақылар
мен жəрдемақылар
төлеуге трансферттер
бойынша қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
3
Мемлекеттік
мекемелердің
шығыстарына суб-
сидияларды есептен
шығару
7230 Субсидиялар
бойынша шығыстар
1214 Жеке тұлғаларға
субсидиялар бойынша
қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
1215 Заңды тұлғаларға
субсидиялар бойынша
қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есеп-
тен шығару төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің
есептері негізінде мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер
бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 1210 «Бюджеттік төлемдер бойын-
ша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шотының
кредиті.
Зейнетақылар мен мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар төлеу бойынша іс
жүзінде жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойын-
ша шығыстар» шотының дебеті жəне 1216 «Зейнетақылар мен жəрдемақылар
төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлықберешек» қосалқы
шотының кредиті бойынша ескеріледі.
Жеке жəне заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды
есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7230 «Субсидиялар бойынша
342
шығыстар» қосалқы шотының дебеті жəне 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар
бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға суб-
сидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының
кредиті.
Достарыңызбен бөлісу: