17.5 Өзге шығыстар есебі
Шоттар Жоспарының «Өзге шығыстар» бөлімінің шоттарында ұзақ
мерзімді активтердің əділ құнының өзгеруінен, ұзақ мерзімді активтердің
шығып қалуынан, бағамдық айырмадан, резервтер құру бойынша жəне өзге
шығыстар ескеріледі [17.6-кесте].
17.6-кесте
Өзге шығыстар есебі
№
Операцияның
мазмұны
Дт
Кт
1
Жағымсыз
бағамдық
айырмашылықты
көрсету
7430 Бағамдық айырма
бойынша шығыстар
1050 Шетелдік валютадағы
ақша қаражаты
1071 Аккредитивтер
1231 Сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің
қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі
3210 Жеткізушілерге жəне
мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
2
Қызметкерлерге
демалыс бойынша
резерв есептеу
7010 Еңбекақы төлеуге
арналған шығыстар
3246 Пайдаланылмаған
демалыс бойынша
қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек
3
Еңбек
демалысақысы
бойынша резерв
болмаған жағдайда
қызметкерге
демалысақы есептеу
7010 Еңбекақы төлеуге
арналған шығыстар
3241 Еңбекақы төлеу
бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық
берешек
4
Активтердің əділ
құнының өзгеруі
бойынша шығыстар
7410 Əділ құнының
өзгеруі бойынша
шығыстар
1120 Қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары (əділ құны
бойынша есептелетін)
2120 Ұзақ мерзімді қаржы
инвестициялары
2510 Инвестициялық
жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
Ұзақ мерзімді активтердің əділ құнының өзгеруінен шығысты тану мына-
дай жазбамен көрсетіледі: 7410 «Əділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар»
шотының дебеті жəне ұзақ мерзімді активтің тиісті шотының кредиті.
344
Мемлекеттік мекеме бағамдық айырмадан шығыстарды мынадай жазбамен
көрсетеді:
– бағам төмендегенде: 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»
шотының дебеті, Шоттар жоспары активінің тиісті қосалқы шотының/
шотының кредиті;
– бағам артқанда: 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шотының
дебеті жəне Шоттар жоспары міндеттемелерінің тиісті қосалқы шотының/
шотының кредиті.
Активтердің құнсыздануынан шығыстар 7440 «Активтердің құнсыздануы-
нан түсетін шығыстар» шотының дебеті жəне активтердің құнсыздануына
резервтерді есепке алу бойынша тиісті шоттың кредиті [17.7-кесте].
17.7-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |