83
Шетел валютасын сатып алу кезінде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық
берешектер» шоты дебеттеледі жəне 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» шоттарының
тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
Шотқа шетел валютасының түсуі мынадай жазбалармен көрсетіледі: 1050
«Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті, алынған шетел валютасының
сомасына 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты жəне
комиссиялық алым сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоты.
Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау жəне
ресімдеу тəртібі валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы шоттарда қаражат қозғалысы
жəне шетел валютасындағы операциялар есеп айырысу-ақшалай құжаттарды
берген күні əрекет ететін валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы
бойынша шетел валютасын қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан
Республикасының валютасында көрсетіледі. Осы операцияларды есепке алу
бір уақытта есеп айырысу жəне төлемдер валютасында жүргізіледі.
Өнім берушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде 3210
«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»,
4110 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»
шоттарының қосалқы шоты дебеттеледі жəне 1050 «Шетелдік валютадағы
шот» қосалқы шоты кредиттеледі.
1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы
шоты» қосалқы шотында байланысты гранттар бойынша қаражаттың түсімі
мен жұмсалуы бойынша қаржы операциялары ескеріледі. Арнайы шотты
бюджеттік бағдарламаның əкімшісі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік бай-
ланысты гранттың есебінен жабу үшін жəне байланысты грант туралы
келісімге сəйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаларды
əкімшілендіру үшін ашылады.
Байланысты гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы
шотына қаражат түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1061 «Гранттар бо-
йынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының
дебеті, 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті [4.7-кесте].