Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Арнайы шотқа ақша қаражаттарының түсуі



Pdf көрінісі
бет80/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Арнайы шотқа ақша қаражаттарының түсуі



Операция 

мазмұны

Дт

Кт

1

Гранттардың 

түсуі 

1061 Гранттар бойынша 

бюджеттік инвестициялық 

жобаның арнайы шоты

6060 Гранттар бойынша 

кірістер


2

Гранттар 

есебінен 

жеткізушілердің 

шоттарын  өтеу 

3210  Жеткізушілерге жəне 

мердігерлерге қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек, 

3273 «Өзге қысқа мерзімді   

кредиторлық   берешектер»      



1061 Гранттар 

бойынша бюджеттік 

инвестициялық 

жобаның арнайы шоты



3

Сыртқы қарыз 

есебінен 

жеткізушілердің 

шоттарын  өтеу 

3210  Жеткізушілерге жəне 

мердігерлерге қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек  

1062 Сыртқы қарыздар 

бойынша бюджеттік 

инвестициялық 

жобаның арнайы шоты



4

Күрделі 


салымдарды 

қаржылан-

дырудың 

бюджеттен түсуі



1062 Сыртқы қарыздар 

бойынша бюджеттік 

инвестициялық жобаның 

арнайы шоты



5011 Күрделі 

салымдарды бюджет 

есебінен қаржыландыру,

5012 Күрделі 

салымдарды сыртқы 

қарыздар есебінен 

қаржыландыру.

Осы  шоттағы  қаражатты  пайдалану 1061 «Гранттар  бойынша  бюджеттік 

инвестициялық  жобаның  арнайы  шоты»  қосалқы  шотының  кредиті  жəне 

3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бере-

шек», 3273 «Өзге қысқа мерзімді   кредиторлық берешектер» тиісті қосалқы 

шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.

1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның ар-

найы  шоты»  қосалқы  шотында  бюджеттік  бағдарламаның  əкімшісі  сыртқы 

қарыздар (қарыз қаражаты) бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойын-

ша қаржы операцияларының есебін жүргізеді.  Арнайы шот үкіметтік сыртқы 

қарыздың есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып 

алуға  жəне  халықаралық  қарыз  шартына  сəйкес  бюджеттік  инвестициялық 

жобаға  немесе  бағдарламаға  əкімшілік  жүргізуге  жұмсалатын  шығыстардың 

үлесін үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен жабу үшін ашылады. 

Сыртқы  қарыздар  бойынша  бюджеттік  инвестициялық  жобаның  арнайы-

шотына  қаражат  түскен  кезде 1062 «Сыртқы  қарыздар  бойынша  бюджеттік 

инвестициялық  жобаның  арнайы  шоты»  қосалқы  шотының  дебетіне, 5012 

«Күрделі  салымдарды  сыртқы  қарыздар  есебінен  қаржыландыру»  қосалқы 

шотының кредитіне жазба жүргізіледі.




85

1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотында активтерді жеткізгені үшін төлем 

бойынша  өнім  берушілер  алдында  туындайтын,  мемлекеттік  мекемелердің 

міндеттемелеріне  сəйкес  ашылған  аккредитивтердің  сомасы  ескеріледі.  Ак-

кредитив  ашу  кезінде 1071 «Аккредитивтер»  қосалқы  шоты  дебеттеледі 

жəне 1080 «Республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекеменің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспарына 

сəйкес  міндеттемелерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары», 

1090 «Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекеменің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттеме-

лер  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары»  шоттарының  тиісті 

қосалқы  шоттары  кредиттеледі.  Пайдаланылған  аккредитив  сомасына 1071 

«Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне 

мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті бойын-

ша жазба жүргізіледі.

Аккредитивтің  пайдаланылмаған  сомасы  тиісті  бюджеттік  неме-

се  ағымдағы  шоттарға  есептеледі: 1080 «Республикалық  бюджеттен 

қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекеменің  міндеттемелері  бойынша  жеке 

қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-

парлы  тағайындаулары», 1090 «Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-

рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» 

шоттары  қосалқы  шоттарының  дебетіне, 1071 «Аккредитивтер»  қосалқы 

шотының кредиті.

Бухгалтерлік  есепте  шетел  валютасында  ашылған  аккредитивтер  бойын-

ша оң бағамдық айырманы көрсету 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының 

дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» қосалқы шотының 

кредиті бойынша жүргізіледі, ал теріс бағамдық айырма сомасына 1071 «Ак-

кредитивтер» қосалқы шотының кредиті жəне 7430 «Бағамдық айырма бойын-

ша шығыстар» қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жасалады. [4.8-кесте].



4.8-кесте   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет