80
Түскен сома мынадай жазбамен көрсетіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты»
шотының дебеті жəне 1081, 1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша
міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларышотының
кредиті. Елшіліктер жүргізген шоттар 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының,
3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» жəне 1410 «Берілген
қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шоттарының дебеті жəне 1030 «Есеп айы-
рысу шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1041 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмек (қосалқы бюджеттік шот-
тында, бұдан əрі ҚБШ)» Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына
сəйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын демеушілік, қайырымдылық
көмектен түсетін түсімдер ескеріледі.
Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ түскен сомаға 1041
«Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі
жəне 6050 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер»
қосалқы шоты кредиттеледі.
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін
өнім берушілерге демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ-дан қаражат
аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1041 «Демеушілік
жəне қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба
жүргізіледі. [4.4-кесте].
4.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: