Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет152/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Келіппіз дүние деген кең сарайға
Басында қатыра судан болдық пайда, 
Неше күн шайқатылып жүрдік бойда. 
Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып, 
Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда. 
Тарықпай, тар құрсақтан тауып қорек, 
Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда. 
Құдіреттің күшімен шарқи пəлəк


426
Келіппіз дүние деген кең сарайға. 
Анамыз итаяққа шомылдырып, 
Пəк сумен тазалапты, сылап майға. 
Тырбитып жарқанаттын баласындай, 
Орапты жабағымен жүні майда.
Ал енді, тыңда, келдік бір жасыңа, 
Қосылып балалардың іңгəсына. 
Бір күні ə дегенше екі келді, 
Аяқта əл-шама жоқ бір басуға. 
Торғайдай ұшып-қонған үш те келді 
Күл шашып шарқ ұратын үй қасында. 
Бір күні төрелердей төртің келді, 
Сөйлеткен қызық-қызық тілді ашуға. 
Бір күні бəйгекердей бесің келді, 
Ойнадық балалармен қыр басында.
Көңілге түйіп көрген-білгендерді, 
Айналдық ата-анамен сырласуға. 
Қарны ашып қарағымның қала ма деп, 
Баланың ата қамқор шаруасында. 
Балам деп бауырын езген ата-анаға 
Демеу боп тұралық та біз қасында. 
Дүние бұл бір керуен сарай екен, 
Не жетсін, шамаң келсе, сыйласуға. 
Кезекпен келтіріпті күн көрсін деп, 
Ұқсатып адамзаттың тұлғасына. 
Қарызын ата-ананың өтеу парыз, 
Адам боп жаралған соң ту басында.
Бір күні ə дегенше алты келді-ай, 
Түзеттік балалықтың салтын енді-ай. 
Алтыдан желе аяңдап жетіге кеп, 
Сегіздің кірдік базар кентіне енді-ай. 
Қыздармен тоғыз жаста үйшік ойнап, 
Бұл кезде балаң мінез əрқилы еді-ай. 
Одырайып шетке шығып тұрушы едік, 
Апама қоям десе айтып енді-ай. 


427
Он жаста асық ойнап топқа кіріп, 
Үйрендік «Алшы кыздың» шартын енді-ай.
Біреу ілім, біреулер қызық қуған, 
Он бір жас та кеп қалды жортып демде-ай. 
Мінекей, он екі жас мүшел де өтті, 
Осы деп балалықтың арты енді-ай. 
Он үштен он төрт жасқа кұрақ ұшып, 
Жүгірдік тойда табақ тартып енді-ай. 
Он бес пен он алты жас құбылмалы, 
Тұрады қорғасындай балқып енді-ай. 
Он жеті, он сегіз жас жалын атқан, 
Қызулы кырмызы гүл шарқың еді-ай. 
Он тоғыз жас та келді керімдей боп, 
Білетін əр нəрсенің парқын енді-ай. 
Жиырма жас ақ алмастай жалтылдайды, 
Көргенде көздің жауын тартып енді-ай. 
Өте шығар жиырма бір қас қаққанша, 
Дарияда аққан сеңдей қалқып енді-ай. 
Жиырма екі, жиырма үш жылыстайды, 
Құрбыларға əзіл-наз айтып енді-ай. 
Мінекей, жиырма төрт жас та келді, 
Жақсы болсаң, тарайтын даңқың елге-ай.
Күш-қуат, ақылы оның кемелденген, 
Жиырма бес барлық жастың алтыны еді-ай. 
Барында қызығыңның қиялай бас, 
Жігіттік оралмайды қайтып енді-ай.
Жиырма алты мен отыздың аралығын 
«Орда бұзар жас» дейді халқым енді-ай. 
Отбасы емес, жалпы елдің қамын жесең, 
Соңыңнан дос-жаран боп халқың ерді-ай. 
От басы, ошақ қасы қалып қойсаң, 
«Атадан жасық туған жалқы» дейді-ай. 
Отыз асып, отыз бес барғаннан соң, 
Бір нəрсе ұят деген қайшы келді-ай. 
Көңіл – гүл, тіл – бір бұлбұл, нəпсі – бөрі, 
Сабыр – алтын, ақыл – білгір қойшы деді-ай. 


428
Қырқында қыр басына шыққандайсың, 
Ойдағы мақсатынды айтып енді-ай. 
Қақ жарған қара қылды əділ болсаң, 
Атағың жайылады жалпы елге-ай. 
Қырық бесте кынаптағы қылыштайсың, 
Дұшпаным деп тұратын қайсы жерде-ай! 
Есті болсаң, еліңнің қорғанысың, 
Есер болсаң, боларсың жайсыз елге-ай.
Қырық бес ассаң – елің елеңдейді, 
Елуді есі жарым елемейді. 
«Елуді – ердің жасы» десе-дағы, 
Қайратың бұрынғыдан төмендейді. 
Елуден елу беске жеткеннен соң, 
Сыздайды жүйке тамыр, денең дейді. 
Қариялар алдындағы қайтқан қаздай 
Қоштасып кезегімен жөнер дейді. 
Ақсақал, ел ағасы атанады 
Қоғамшыл елдің қамын жеген дейді. 
Қайратың бойындағы кемігенмен, 
Ақыл-ой кемелденіп, тереңдейді.
Үйлесіп қатпарланған түріңменен, 
Қызарып көздің алды іріңдеген, 
Көктемгі шиқылдаған бозторғайдай, 
Жөтелсең, көкірегің кірілдеген – 
Алпыс келіп қолыңнан жетелейді, 
Таныстырып қоям деп піріңменен. 
Қуатың бойындағы жиналады 
Алпыс бесте аузыңа тіліңменен.
Аталы сөз айта алсаң – ардақтысың, 
Топтан торай шалдырмай ілімменен.
Айтайын жетпіс пенен сексенді енді-ай, 
Бұл сексен талайларды жөкшендейді-ай. 
Сексеннен де селдіреп өткеннен соң, 
Тоқсанға аман-есен жетсем дейді-ай.


429
Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді, 
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді. 
Күзден соңғы қаһарлы қыс сияқты, 
Денеңе қызу емес, мұз келеді.
Жүз жас та өте шығар бір күндей-ақ, 
Тізгінін тежесең де іркілмей-ақ. 
Ойласаң, опырмалы өмір деген 
Сəуірдің көшкен кара бұлтындай-ақ. 
Санаулы уақыт, күнің таусылған соң, 
Боларсың елдің көшкен жұртындай-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет