Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Нəрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші



Pdf көрінісі
бет56/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

4. Нəрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші 
жартысы
Бала дамуының екінші кезеңі 1-6 ай аралығын қамтиды. 
Нəрестенің ересекпен тікелей эмоциялы немесе жағдаяттық-жеке 
қарым-қатынасы оның осы кезеңдегі жетекші əрі негізгі іс-əрекеті 
болып табылады. Алғашқы жарты жылда балада ересекпен 
қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген 
ересектің бет əлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық-
соматикалық реакциясы – «жандану кешені» қалыптасады. 
Ол төмендегідей компоненттерден құралады:
1) баланың қоршаған ортадан ересек адамды бөліп алуы (тына 
қалуы), сөйлеген ересектің бет əлпетіне тоқтап, оған құлақ салып, 
назар аудару;
2) ересекпен ым (күлімсіреуі) жəне ерекше дыбыс (айқайлауы, 
уілдеуі, былдырлауы) арқылы жүзеге асатын қарым-қатынасы;
3) ересекті белсенді түрде қарым-қатынасқа тарту (денесінің, 
аяқ-қолдарының қозғалысы);
Осы компоненттердің барлығы нəрестенің мінез-құлқында 
кешенді түрде бір уақытта байқалады. Жандану кешені 2,5 ай 
шамасында қалыптасып, 4 айға дейін қарқыны ұлғая береді. 
Осы кезеңнен кейін ол ыдырай бастайды да, оның жеке 
компоненттері салыстырмалы түрде тəуелсіздікке ие болып, 
бала мінез-құлқының жаңа формалары туындайды. Жандану 
кешенінің даму заңдылықтары бойынша қарым-қатынасты ор-
нату бастамашылдығы ересектен балаға біртіндеп көше бастай-
ды. Алтыншы айда жандану кешені баланың ересекпен қарым-
қатынасының неғұрлым күрделі түрлерімен алмасады.
М. И. Лисина баланың қарым-қатынасқа мұқтаж болуының 
төмендегідей белгілерін көрсетеді:
1) ересекті тануға бағыттылықты анықтайтын наза мен 
қызығушылық;
2) баланың бағасын қамтитын ересекке бағытталған эмоциялы 
көріністер;
3) ересекке бағытталған бастамашыл əрекеттер;
4) ересекке қатысты сезімталдық.
Бала өмірінің алғашқы жылының бірінші жартысын оның ере-
секпен эмоциялы қарым-қатынасының кезеңі деп атауға болады.


137
Нəрестелердің қарым-қатынасын дəлелдейтін көптеген 
белгілер бар:
1) ересектің көз жанарына қарау;
2) ересектің əрекетіне күлімсіреу;
3) өз бетінше күлімсіреу жəне қозғалыс арқылы жандану;
4) ересектің қатынасына жауап беру.
Баланың ересекпен осы кезеңдегі қарым-қатынасы əлі де 
болса заттармен жəне мазмұнды іс-əрекетпен жанамаланбай-
ды. Нəрестенің ересекпен жағдаяттық-жеке қарым-қатынасы 
оның ересектің көңілін қажет етеді. Бұл қатынас экспрессивті-
мимикалық құралдармен, яғни жандану кешенінің құралдарымен 
анықталады. 
Қарым-қатынастың бұл формасы еш мазмұнсыз болғанымен, 
баланың дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл кезеңде тұлғаның 
едəуір терең негізі, яғни баланың өзін-өзі ажыратуы жəне сана-
сезімінің алғашқы формасы қалыптасады. 
Сонымен бірге алғашқы жарты жылдықтың соңына қарай 
баланың жақын ересектермен аффективті-жеке байланыстары 
қалыптасады. 2-3 айдан бастап бала қолпаштау мен ескертулерге 
əсер ете бастайды. 3 айға қарай ересектермен таңдаулы араласа 
бастайды.
Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас нəрестенің қоршаған 
заттарға қатысты танымдық белсенділігінің қалыптасуына, затты 
ұстауға бағытталған əрекеттердің пайда болуына ықпал етеді. 
Баланың заттық іс-əрекеті бағдарланушы-зерттеуші жəне 
практикалық əрекеттерінен байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет