132
дыбысқа, тактильді тітіркендірігіштерге əсерін байқауға болады.
Үшінші триместрде (6-9 ай) орталық жүйке жүйесі қарқынды
дами бастайды, дем алу мен жұтуға жауапты құрылымдар
қалыптасады, сенсорлы жəне моторлы орталықтар локализация-
ланады (7 ай), сипауға жəне дірілге сезімталдық пайда болады,
баланың анасымен өзара əрекеттестігі қалыптаса бастайды.
Баланың анасының жүрегіне сезімталдығы пайда болады. Бала
мен ана жүрегі соғысының синхрондығы бала ағзасының барлық
физиологиялық жүйелерінің іс-əрекетіне жағымды ықпал етеді.
Пренатальды даму психологиясында баланың психикалық дамуы-
на жағымды ықпал ету мақсатында анасымен қарым-қатынасының
неғұрлым ерте қалыптасуының маңызы мойындалған. Ондай
қарым-қатынас сипалау, баламен сөйлесу, тілдесу түріндегі «ха-
бар» алмасу сипатына ие. Осындай өзара əрекеттестік ата-аналық
ұстанымның қалыптасуына, баланы эмоциялы қабылдауға,
ананың оның мінез-құлқы мен күйлеріне сенситивтілігін арттыру
үшін, оған субъективті қатынасын қалыптастыру үшін жағымды
ықпал етеді. Пренатальды кезеңдегі қарым-қатынас тəжірибесі
ананың босануға психологиялық даярлығын қалыптастыруға
жəне баланың дүниеге келу мезетінде жақын ересекпен
ынтымақтастығын реттеу үшін маңызын жоққа шығаруға болмай-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: