154
4.4. Мектепке дейінгі жас шамасы
Жоспары:
1. Мектепке дейінгі балалық шақтың сипаттамасы
2. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті-
рөлдік ойыны
3. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық
дамуы
4. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдас-
тарымен қарым-қатынастары
5. Баланың үш жастағы дағдарысы
1. Мектепке дейінгі балалық шақтың сипаттамасы
Мектепке дейінгі балалық шақ жеке тұлға дамуының мінез-
құлықтың жеке мотивтерінің дамуының алғашқы кезеңі болып
табылады.
А. Н. Леонтьев бойынша, бұл жас шамасында жеке тұлғаның
дамуы ең алдымен мотивтердің өзара бағыныңқылығымен, иерар-
хиясымен байланысты.
Бөбек шағының соңына қарай баланың ересектен бөлінуі,
олардың арасындағы жаңа қатынастардың туындауына əкеледі.
Баланың ересекпен қарым-қатынасы жағдаяттан тыс сипатқа не
болып, екі түрлі сипатта жүзеге асады (жағдаяттан тыс танымдық,
жағдаяттан тыс жеке).
11-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: