Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет123/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Психологиялық қолдау – адамның жаңа əлеуметтік 
жағдайларға 
бейімделуіне 
байланысты 
орын 
алған 
қиыншылықтарды едəуір жылдамырақ жəне қиыншылықсыз 


356
кешіруге, стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен 
өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің 
психологиялық, психикалық жəне физикалық денсаулығын 
сақтауға көмектесу.
Ассоциация – өзіндік ортақ іс-əрекеттің мақсаты, құрылымы 
бар, бірақ біртұтас əлеуметтік психологиялық бүтін бола алмай-
ды.
Корпорация – ортақ мақсат жəне оны жүзеге асырудағы 
іс-əрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға 
тəн серіктестік, топ мүшелерінің өзара əрекеттестігі, қарым-
қатынастың белгілі бір дəрежеде топтық тəжірибені құрап, оның 
сол іс-əрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.
Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-əрекеттің негізінде 
қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ 
даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат-
тайды.
Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін, 
əрекеттерін, мəнерін қайталау. 
Эмпатия – басқа адамның ішкі əлеміне еніп, оның барлық 
сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.
Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу 
негізінде құрылады. Бұл фактордың жасөспірімнің өзін-өзі 
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор.
Ассиметриялы стиль – отбасындағы мəселелерді шешуге 
жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасау. Қарым-қатынастың 
ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі мен өз-
өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың, 
тірі организмнің іс-əрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын 
білдіретін ұғым.
Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын 
жүзеге асыру барысындағы іс-əрекетінің жігерлілігі. Ол жеке 
тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай 
əсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байла-
нысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет