46
●
регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формалары-
на, объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта
оралу;
●
кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
●
реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен
жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру,
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;
●
проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
●
идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;
●
изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша
ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін
тəсілдердің жиынтығы;
●
орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз
аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым
төменірек фигурамен алмастыру;
●
рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың
бұрмалануы;
●
сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік
қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Қорғаныс механизмдерінің генетикалық тұрғыда ерте түрлері
– ығыстыру, регрессия, кету болса, неғұрлым кеш түрлері – рацио-
нализация, сублимация болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: