2. Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі Л. И. Божович дамудың əлеуметтік жағдайының жəне тұлғалық
жаңа құрылымдардың негізінде адам жасын кезеңдерге жіктеп,
дағдарыстарды баланың психикалық өмірінде туындап отыратын
қарама-қайшылықтар ретінде қарастырады (10-кесте).
Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін жіктеуінің
негізінде дамудың нақ сол сатысындағы психологиялық жаңа
құрылымдардың пайда болуын анықтайтын жетекші іс-əрекеттер
жатыр. Нəтижелі іс-əрекет пен қарым-қатынас іс-əрекетінің
арақатынастары қарастырылады.
Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін ішкі заңдылықтарды
ескерудің негізінде психикалық даму кезеңдерінің негізгі
қағидаларының неғұрлым жүйелі топтастыруы, жас ерекшелік-
психологиялық кеңес беру тəжірибесінің жəне баланың
психикалық дамуын айқындау мен түзету жұмысының теориялық
негізіне айналды. Автор жас ерекшеліктерін дамудың əлеуметтік
жағдаятының; жетекші іс-əрекеттің; психологиялық жас ерекшелік
жаңа құрылымдардың негізінде дамудың циклдері, кезеңдері, фа-
залары бойынша жіктейді.
119
10- ке сте Л . И . Бо ж овичтің адамның жасын к езеңдерг е жікте уі Жа с ерекшелік
к езеңдер Өлшемдері Нəре стелік 0-1 жас Ер те ба ла - лық шақ 1-3 жа М ектеп - ке дейінгі