Жас мамандармен психологиялық тренинг Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»



Дата10.04.2023
өлшемі21,41 Kb.
#81249
Байланысты:
Жас маман тренинг


Жас мамандармен психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»


Мақсаты:
Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.
Міндеті:

  • Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру

  • Психологиялық қолдау көрсету

  • Шығармашылыққа бағыт беру


Психолог:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін!. Бүгін біз бір - бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз. Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас ұстаздарға сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір - бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасауымыз керек.

1. «Жағымды жанасу» жаттығуы

Барлығы шеңбер боп отырып, жүргізушының қимылын қайталайды. Қол дегенде қолды жоғары көтеру керек, саусақ дегенде саусақтарды қимылдату керек, оң жағымыздағы адамды және сол жағымыздағы адамды құшақтаймыз, басын сипаймыз тағыда қайталап бас орнына мұрын сипалаймыз көршіміздің.

2. Арт-терапия
Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суреттеріңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады

3. Қорапшадағы адам








3. Ситуациялық сұрақтар
1. Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата – анасы баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз?
3.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

4.Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?


5.Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба?


6.Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан қалай шығасыз?


4. «Топтағы сенімділік» тренингі
Ортада барлық қатысушылар жиналып шеңбер болуы керек. Жүргізушінің нұсқауымен барлығы оңға қарап тұрады және қолдарын алға созып, алдындағы адамның алдындағысының иығына қолын созып қоюы тиіс. Осы сәтте ортада біріккен шеңбер болады және бәрі отыруы керек. Құлаған жағдайда қайтадан тізелеріне отыруы ұсынылып ұолдарын жоғары көтеріп шапалақтаулары керек.


5. «Болашақтан хат» тренингі
Қатысушыларға стикерлер таратылып, оның ішіне алдағы 5-10 жылдан кейін өзіңізді кім және қандай жетістікте көресіз соны жазасыздар, болғаннан кейін оны шарға салып, үрлеп жоғарыға ұшыру арқылы бір-бірлеріңізге бересіздер. Қолға түскен шарды жарып ішінен хатты алып болашақтан өандай сый келгенін оқисыздар.Бұл сіздерге көңілді күй сыйлайды деген үміттемін.



Психолог: Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет